Тым жақсысыз!

Тым жақсысыз!

1. Суретке жақыннан түспеу керек

Калифорния университетінің мамандары адамның жағымды-жағымсыз көрінуі тікелей суретке байланысты дейді. Сынақ барысында бір адамның суретін алыстан және жақыннан көрсетіпті. Нәтижесінде, көпшілік қатысушылар суретке жақыннан түскен адамдарды кескінсіз деп тапқан. 

Оның үстіне жақыннан түсірілген сурет адамның ішкі дүниесіне бой сұққысы келетіндей әсер қалдырса, ал алыстан түсірілген суреттер ұнамды болып қала бермек.

Жақында жүргендерден гөрі алыста жүріп мазаны алмайтындар ұнайтын болғандықтан шығар....

2. Көзді бақырайтып ашпаған боларсыз

Көзіңіз неғұрлым кіші көрінген сайын, соғұрлым адамдарға ұнамсыз болып көрінесіз. Зерттеу барысында жүздеген адамға бір адамның екі суретін ұсынған (бірінде көзі бадырайып тұрса, екіншісінде - көзі қысық). Анықталғадай, сынаққа қатысушылардың тоқсан пайызына бақырайған көздер көбірек ұнаған.

Сіз білесіз бе, көзін жыпылықтата беретін ерлерге әйел заты көп сенім білдіре бермейтінін. Бұл да зерттеушілердің соңғы сынақтарында белгілі болды.

Тесіле қараған бадырақ көзге (ер) кез келген қыз қарайтын болып шықты. Махаббат пен сезімді астарлап жеткізудің бірден-бір жолы секілді.

3. Шаш үлгісі бәрін шешеді

Соңғы уақыттағы сәнге айналған шаш үлгілері (шаштың жартысын қырқу, тікірейтіп тастау, т.б.) үлкен сенімсіздік пен тұрақсыздық алып келетін көрінеді. 

Өмірде аталған шаш үлгілері ұнамды көрінетін секілді. Шын мәнінде, қоғам сізді сол бір шаш үлгісі үшін жек көріп жүреді.

4. Дауысқа байланысты

Тереңнен алып, дауысын зорайтып сөйлетін жігіттер қыздарға көбірек ұнаса, жұмсақ та жылы сөйлейтін нәзік жандар бар бақыттының арманы болып отыр.

Дауысы бәсең, бүгежектеп сөйлейтін ерлердің тең жартысы ұры-қары болып келеді екен. Ал дауысы зор, дабырлап сөйлейтін қыздар шытырман оқиғаларды іздеушілер болып табылады.

5. Тым жақсысыз!

Сынақ барысында бір адамның төрт адамды таңдауға мүмкіндігі туған. Одан алдын бұрын бір мәрте ойнатып алған (компьютер ойындары). Содан не керек, әлгі таңдау мүмкіндігі бар адам мінезі оспадарсыз, қалай болса, солай сөйлейтін жандарға таңдау жасапты.

Ғылымның бұған өз анықтамасы бар. Зерттеушілердің айтуынша, жақсылық жасағысы келіп тұратын адамның бір құпиясы ішінде жататын көрінеді.

Жақсы адам болғаннан келіп-кетер залал жоқ. Керісінше, жақындарыңыз жаздай жайдары көңілмен жүрмек.

Ең дұрысы, ата-анаңыз қандай тәлім берді (дұрыс тәрбие беретін шығар?) және өзіңізді қандай қалыпта жақсы көресіз - сол күйде қалыңыз. Өзіңізді тануға және біреуді қайталамауға тырысыңыз.

Кейде шектен асып жақсылық жасағы келіп тұратын жандармен ара-қашықтық сақтап араласаңыз. Өмір туралы әңгімеге тартып көріңіз. Ащы сұрақтарды қойыңыз. Сонда бар жасандылық белгілі болады.

Кейбір адамдар өздерін жақсы көрсету арқылы өзгелерді төмендеткілері келіп тұрады. Ішкі есебі ышқыр жорамалындағы адамдардан сақ болыңыз.

сурет:blog.roodo.com 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига