- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Түс атауларын ағылшын...
Түс атауларын ағылшын тілінде біле жүріңіз
Бірнеше тіл білгеннің еш айыбы жоқ. Бүгінде көп жастар ағылшын тілін үйреніп жүргенін көзіміз көріп жүр. Ал құлшыныстарын оятып жүрген оқырмандар үшін қажетті ақпаратымызды ұсынамыз. Түс атауларын ағылшын тілінде де біле жүріңіз.
Amber - ашықсары түсті
Aqua — теңіз толқыны түстес
Aquamarine - жасыл ақық түсті
Azure - көкшіл
Beige - ақшыл сары; қою сары; сарғыш; тоқ сары
Black - қара
Blue - көк
Bronze — қола түсті
Brown - қоңыр
Chocolate — шоколад түсті
Crimson - қызыл күрең
Emerald - көк-жасыл
Gold, Golden — алтын түстес
Green - жасыл
Grey, Gray - Сұр
Indigo - қара-көк
Khaki - көкшіл сұр; сарғыш жасыл
Lemon - лимон түсті
Light green - ашық жасыл түс
Lilac - ақшыл көк түс
Mazarine - қара көк
Olive - сарғыш
Orange - қызғылт сары; сарғылт
Pink - алқызыл; қызғылт
Purple, Magenta - қанқызыл; қызылкүрең
Red - қызыл
Sand - құм түсті; қызғылтым
Scarlet - Алқызыл
Sienna - жоса түсті
Silver, Silvery — күміс түсті
Snow-white/ niveous - аппақ; аппақ қардай; қардай ақ
Turquoise - көгілдір
Violet, Purple - күлгін; көк
White - ақ
Yellow - сары
О. Сансызбай