Британияның Уинчестер қаласының төрт жасар тұрғыны Хайди Хэнкинс интеллекті ең жоғары адамдарға арналған ең танымал ұйым - Менсуге тіркелді. Кішкентай қыздың IQ деңгейі Альберт Энштейн, Стивен Хокинг секілді әлем данышпандарынан бір ғана ұпайға төмен деп хабарлайды BBC News.
Арифметика заңдылықтарын білетін, геометриялық фигуралар сызатын Хейди екі жасында 7 жасар балаларға арналған кітаптарды оқыған.
Британдық бұқаралық ақпарат көздерінің хабарлауынша, балабақша қызметкерлері жас дарынның ата-анасына баласының дарынды екендігін айтып шағымданғаннан кейін, ата-ана қызына IQ тестінен өтуді ұсынған. Нәтижесінде Хайдидің IQ деңгейі 159-ға тең болған. Бір ескере кетерлігі, жалпы ересек адамдардың IQ деңгейі 100 ұпай шамасында келеді.
Интеллектуалдық ұйым жас балалардың мұндай дарынды болуының себебі олардың есте сақтау қабілетінің дамығандығы, ерте жастан оқып үйренулері және әлем жаңалықтарын түсіне білулерінде екендігін айтады.
2009 жылы Менсаның ең жас мүшесі болып Оскар Ригли саналған. Ол екі жасында IQ тесті бойынша 160 ұпайлық көрсеткішті көрсеткен еді.
Сурет: paranormal-news.ru