Ақиқаттың ауылынан алыстамауға тырысатын ғалымдар адамзатты толғантқан сұрақтар төңірегінде бас қатырып келе жатыр. Сол қатарда:
Ерінге қарап адам ауруын тануға бола ма?
Ғалымдардың ойынша, адам ерніне қарап оның ауруын анықтау әбден мүмкін жәйт. Сол сәттегі денсаулық көрінісі:
Ерін айналасындағы жарықшақтар — ағзада темір мен каротин жетіспеуінің салдарын хабарлайтын белгі.
* * *
Қара қотырланған ерінге кальций немесе магний, В12 дәрумені жетіспейді. Аталған дәрумендердің жетіспеуі салдарынан ерін кұрғақ күйге айналады және жарыла бермек. Мұндай жағдайда дәрігерлер сүт өнімдерін көбірек тұтутынды кеңес етеді.
* * *
Еріннің көк тұсты болуы — қанайналым жүйесінің бұзылғандығының белгісі. Жүрек немесе басқа ауру түрлерінің біріне шалдығу.
* * *
Ашық-қызыл немесе қою қызыл түс — жүрек талмасына жиі ұшырайтын гипертониктерде кездеседі.
* * *
Егер ерін бетінің терісі қабына берсе — ағзаны В2 дәруменімен толықтыру қажет.
* * *
Еріннің шектен тыс құрғақ болуы А, Е, биотин дәрумендерінің аздығын білдіреді.
Жалғыздық ауру шақыра ма?
Лондонның Университет колледжі жалғыздықтың адам геніне залал келтіретінін анықтап отыр.
Қоғаммен, әсіресе, достармен араласпаған жағдайда адам иммунитеті құлдырап, құрдымға кетпек. Зерттеушілер 14 адамның қан құрамы мен өмір сүру ортасын саралаудан өткізіп, көз жеткізді. Жұмыс жағдайына икемді, бірақ, жалғыздықта жүрген адамның ауруға көп шалдыға бастауы сол себептен. Ал, тиісінше, дос-жарандармен жиі араласып-құраласып тұратын жандардың денсаулықтары, күш-қуаттары мығым болып тұрмақ. Олардың ауруға шалдығу мүмкіндігі жалғыздықта жүрген адамнан әлдеқайда төмен.
Стивен Коул, бас дәрігер:
"Әңгіме сіздің күніге қанша адаммен сөйлесіп, қанша адамды көретіндігіңізде емес. Әңгіменің басты арқауы сіздің олармен болған ортада, қарым-қатынаста қандай эмоцияналдық күй-ахуалды өткеретіндігіңізде. Әрдайы жүзі шуақты болып жүретін достар бақыт сыйлайды... Әрдайым тәттіні көп жеп отыру жағымсыз көңіл-күйден арылтады.
...Болашақта жалғыздықта өмір сүретіндердің қатары көбеймек".
Адамның өзгеруі киім киісіне байланысты ма?
Ғалымдардың анықтауынша, бір адамның өзі екі түрлі киім кие қалса, екі түрлі болмысқа еніп шыға келмек.
Оған айқын дәлел ретінде зерттеу де жүргізіп көрген. Мысалы, сынаққа қатысушылар біраз уақытқа ақ халат киіп жүріпті. Сонымен, анықталғаны, біреулер аталған халатты дәрігердің киіміне жатқызып, айналасына ұқыптылық танытуға тырысса, ал енді екінші біреулер суретшінің киімі екен деп, шығармашылық зейін танытуға талпынған.
Ең қызығы, медициналық халат деп ойлағандар барлық нәрсені назардан тыс қалдырмауға, естен шығармауға тырысқан болса, суретшінің киімі деп ойлаған жандар көп нәрсені назарға алмаса да, есесіне, оның орнына белсенді ойдың төңірегінде зейін танытпақ болған.
Аталған зерттеудің түп-төркіні "Симпсон" мультфильмінде жатыр екен. Онда, мектеп киімін киген адамдардың моп-момақан қалыптары баян етіледі. Ал жауыннан соң түрлі-түсті киім киген олар өзгере бастайды...
Сонымен, Адам Галинский бір киімді киместен бұрын жақсылап ойлануды кеңес етеді. Өзіңізге бүгінге қажет болып қалар киім үлгісі жақсы.
Қабыланның (пантера) түсі қандай?
Ой әлемінде "пантера" деген ұғым бар болғанмен, шын мәнінде, ондай нәрсе (тіршілік иесі) жоқ екен.
Сөздің шығу төркіні санскрит тіліндегі жолбарысқа қаратып айтылатын "pandarab" - «ақшыл-сары» деген сөздерімен түсіндіріледі.
Ежелгі гректер қолданысқа қолайлы көріп, "pandarab" сөзін "panthera" ("барлық жыртқыштар") сөзіне айналдырып алса керек. Сосын, бұл сөзіміз ақиқат өмір мен мифтік желідегі жануарлардың барлығына қаратылып айтыла барған. Мәселен, ортағасырлық геральдикада пантераны мүләйім, жүзі жылы көп түсті жыртқыш есебінде бейнелепті.
Ғылым тілінде "пантера" деп мысық тұқымдасқа жататын төрт ірі түр айтылады: арыстан — бұл "Panthera leo", жолбарыс — "Panthera tigris", қабылан (леопард) — Panthera pardus, теңбілшер (ягуар) — Panthera onca. Бұлардың барлығы мысық тұқымдасында жыртқыш санатында. Көпшілігіміз күні бүгінге дейін пантера деп санап жүрген жануарлар шын өмірде қара қабылан (Африка мен Азия) немесе теңбілшерлер (Оңтүстік Америка) болып шығып отыр.
Бұл жануарлардың бірде-біреуін толықтай қара түсті деп айта алмайсыз. Қатты жақын үңілер болсаңыз, олардың терілерінде байқала бермейтін түстер (дақ) көрінеді. Генетикалық мутацияның нәтижесі: терідегі қара түс (пигмент) сарғылт түстен басым.
Ал сирек кездесетін "ақ пантера" қабылан-альбинос немесе теңбілшер-альбинос болып жатса, таңғалмаңыз.
АҚШ-та адамдар "пантера" сөзін қара пумаға қаратып (Америкада болатын үлкен жабайы мысық) айтады. Осы тұста бір айта кетерлігі, дерексіз қаншама анықтамалар мен көзкөрді дейтін деректерге қарамастан, әлі күнге олардың бірде-біреуі қолға түсіп көрмеген.
Cурет: gorodskidok48.ru, shkolazhizni.ru, agnesin.livejournal.com
Дайындаған: Фараби Арыстанбек