«Тілі өлген ел – тірі өлген ел». Халықтың ұлттық сипаты тілінен көрініс табады. Өз тілімізді құрметтейік, өзге тілдің бәрін білмесек те, олар туралы қызықты деректерді біле жүрейік.
Әлемде 6500-ге жуық тіл бар. Оның ішінде 2000 тілге құрып кету қаупі төніп тұр.
«Ана» («мама») сөзі әлемнің көптеген тілінде «М» әрпінен басталады.
Әлемде бір ұғымға көп мағына жиған ең сыйымды сөз бар. Ол испан тілінің диалектісіне жататын «мамихлапинатана» сөзі. Бұл жалғыз сөз «біреуі екі жаққа да ыңғайлы болатын әрекетті істеуге келіседі деген үмітпен бір-біріне қарау, бірақ орындағысы келмеу» деген мағына береді.
Ағылшын тіліндегі ең ескі сөз – «town».
Папуа-Жаңа Гвинея тұрғындары 700-ге жуық тілде сөйлейді. Бұл шамамен әлем тілдерінің 15 пайызын құрайды. Ал ауылдағы адамдармен араласу үшін тағы көптеген диалектілер қолданылады.
Солтүстік Африкадағы берберлер тілінің жазбаша нұсқасы жоқ.
Ағылшын тіліндегі «news» сөзі North, East, West, South, (Оңтүстік, Солтүстік, Батыс, Шығыс) сөздерінің бас әрпін біріктіру арқылы құралған.
«Эрмитаж» сөзі француз тілінен аударғанда «жалғыздық орны» деген мағына береді.
Басқа елдерге қарағанда Азия мен Африкада әртүрлі тіл көп.
Суахили – араб тілі, португал тілі, африка тілінің бірігуінен туған тіл.
Латынның «W» әрпі алфавитінде жоқ.
Ал «сергектік» және «шай» сөздері бірдей бейнеленеді.
Халықаралық Эсперанто тілін 1887 жылы варшавалық дәрігер Л.Заменгоф жасаған.
Гавай әліпбиінде тек 12 әріп бар.
Бір кездері амперсэнд (&) белгісі ағылшын тілінің алфавитінде әріп ретінде танылған.
Адамдар көріскенде қал-жағдай сұрасатыны секілді, Малайзияда көшеде танысын көргенде «Қайда бара жатырсың?» деп айтады. Бұл сұрақ емес, оған кез келген адам «Жай, серуендеп жүрмін» дейді.
Ең көне әліпбилерден өзгермей сақталып келе жатқан әріп – О.