Алда келе жатқан тіл мерекесіне орай данышпандар айтқан нақыл сөздерді назарларыңызға ұсынамыз.
Тәрбие басы – тіл (Махмұд Қашқари)
Тіліңді тый – тісің сынбайды (Ахмет Игүнеки)
Басқа пәле – тілден (Жиренше)
Аяққа кісен салуға болар, қолға кісен салуға болар – тілге кісен салуға болмас (Бәйдібек Қарашаұлы)
Қыз тілімен түйілген түйінді – жігіт тісімен шеше алмас (Төле би)
Тіл – өткір найза (Майлықожа Сұлтанқожаұлы)
Тіріде – жанға тыным жоқ, қызыл тілде буын жоқ (Базар Оңдасұлы)
Тіл жүректің айтқанына көнсе – жалған шықпайды (Абай)
Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады (Ахмет Байтұрсынов)
Тілден – зікір, көңілден – пікір (Сұлтанмахмұт Торайғыров)
"Қазақ афоризмдері" кітабынан алынды
Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова
Сурет: kk.wikipedia.org