- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Тіл қалай пайда...
Тіл қалай пайда болды?
Сөйлеу қабілеті — адамзатты эволюция сатысында көтерілуге бірден-бір септігін тигізген. Неге тек адамдар байланыс құралы ретінде сөйлеуді қолданады? Осы сұраққа Макс Планк эволюциялық антропология Институтының зерттеушілері жауап іздеп көрді.
Көптеген тілдердің шығу тарихы әлі күнге жұмбақ күйінде сақталып отыр. Ғалымдар барлық тілдер адамдардың табиғатта не жануарлардан естіген дауыстары мен шуылдан пайда болған деген болжам айтады. Уақыт өте адамдар көбірек дыбыс шығарып, артынша олар сөзге, одан кейін сөйлемге айналған. Дегенмен сөйлеу қабілеті аяқ астынан кездейсоқ пайда болды деген тұжырым айтатындар да бар. Олардың айтуынша, сөйлеу қабілеті әлдеқашаннан адам баласының бойында бар, тек эволюцияның белгілі бір сатысында бұл қабілет сыртқа "шыққан". Сөйлеу қабілеті ДНҚ-дағы өзгеріс кезінде пайда болып, адам бойында қалыптасқан. Ал уақыт өте сөйлеу қабілеті дамып, қазіргі деңгейге жеткен.
Қазіргі күні тілдің шығу тарихы туралы ең кеңінен теория – ым тілі. Оған сәйкес, адамдар бастапқыда бір-біріне түсіндіру үшін түрлі іс-қимылдар, ишарат жасаған. Қажет болса сурет салып түсіндіруге тырысқан. Кейіннен өздеріне таныс заттарды соған ұқсас белгімен көрсете бастаған. Артынша әр белгінің өзіне тән мағынасы қалыптасып, ишарат тілі дами түскен.
Адамдар ойын жеткізуге үшін тек сөлеуді ғана емес белгілерді, іс-қимылдарды жиі қолданады. Тіпті, әр аймақта өзіне ғана тән мағынасы бар белгілердің болуы бұған дәлел.
Бұлардан бөлек тілдің пайда болуы туралы мынадай гипотезалар бар:
Адам өз санасының көмегімен тілді қалыптастыра білген;
Абыздар тілінің теориясы;
Тілдің эволюциялық тұрғыдан қалыптасу үдерісі теориясы;
Тілді жасаушы күштер теориясы;
Діни теориялар;
Ататекті тілдің бар болу мүмкіндігі теориясы;
Ностратика тілдері;