Бүгінде ағылшын тілін білу тек құнды қасиет немесе мақтанарлықтай артықшылық болып қана қалмай, үлкен қажеттілікке айналды. Өздеріңіз ойланып көріңіздер... Жер бетінде өмір сүріп жатқандардың 1,5 миллиарды ағылшын тілін меңгерген. Бұл тіл әлем бойынша халықаралық қарым-қатынас (құру) тілі ретінде ресми түрде қабылданған. Ал өмірімізді елестете алмайтын Интернет ше? Ғаламтордағы ресурстардың 80 пайызы дерлік ағылшын тілінде. Бұған әлемдік деңгейде танымалдылыққа ие болған виртуалды ойындар, кез келген бағдарламалық жасақтамалар, одан қалса, фильмдер мен кітаптар жатады.
Әрбір адамның жеке өмірінде, не болмаса кәсіп саласында қандай да бір қызығушылықтары болатыны белгілі. Ал сізді қызықтыратын тақырыптардың барлығы тек ағылшын тілінде жазылған. Бұл факт. Бүгінде сіз хирург немесе программист, тіпті қарапайым адам болыңыз, ағылшын тілінсіз өмір сүру күннен-күнге қиындап барады. Егер сіз ағылшын тілін үйрену қараңғы бөлмеде қара мысықты іздеумен бірдей деп есептеңіз, сол қара мысық «менмін» деп ойлай беріңіз. Себебі, сіз әлемде болып жатқан оқиғалардан бейхабар болып, көптеген пайдалы ақпараттан құр қалдыңыз.
Сонымен қатар ағылшын тілін, жалпы шет тілін білу ойлау қабілетін нығайтуға септігін тигізеді. Шетел тілін білетін және оны тұрақты қолданатындар өз-өзімен сирек сөйлеседі, сөз қолдануда аз шатасады және де олардың есте сақтау қабілеті әлдеқайда жақсырақ келеді. Бірақ бұл ең бастысы емес! Тек өз тілінде сөйлеп қана қоймай, өзге тілде де тілдесетін адамдарда таң қаларлық ерекшелік байқалған. Олар физикалық түрде белсенді, ширақ келеді. Ал әрекет жасау – өмір сүру емес пе?
Тіпті шет тілін тілін жартылай білудің өзі пайдалы. Лондондағы Корольдік колледждің профессоры Лесли Хью өзімен бірге жұмыс істеген студент Шашикант Пхадниске лабораторияда өткізілген зерттеу жұмыстары нәтижесінде пайда болған трихлорсахарозды сынап көруді (ағылшынша «test») тапсырған. Шет тілін жартылай білген студент «test» сөзін «taste» деп түсініп, бірден заттектің дәмін татып, оның тәтті екенін аңғарған. Осылайша, ең тиімді қант алмастырушы – сукралоза табылды.
P.S. "Бір тіл білсең, бір өмір сүресің, екі білсең, екі өмір сүресің" деген сөз расында да бүгінде шындыққа айналып келе жатқандай.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: clipday.ru