Ағылшын тілін меңгеремін деп жүрген жандарға мынадай нұсқаулық ұсынамыз. Біздің тілге жат «артикль» ұғымы ағылшын тіліне тән. Оның ішіндегі «the» артиклі «that» сілтеу есімдігінен шыққан. Белгілі артикль қандай жағдайда қолданылады?
1. Егер әңгіме белгілі бір зат туралы болса:
Where is the pen? Қалам қайда? (бізге белгілі)
2. Күшейтпелі сын есім арқылы берілген зат есімнің алдында (анығырақ анықтап тұрған сын есімнің алдына) немесе реттік сын есімнің алдына қойылады:
What is the longest river in the world? Әлемдегі ең ұзын өзен қандай?
He was the first to come. Ол бірінші болып келген.
3. Географиялық атаулардың алдына:
The Indian ocean, the Baltic sea, the North, the Thames, the Alps.
4. Сонымен қатар, төмендегідей сөздерде «the» артиклі жазылады және сөйлеу кезінде қолданылады.
- the city centre – қала орталығы
- the capital city – астана
- the Internet – ғаламтор, the radio – радио
- the sky – аспан, the sea – теңіз, the ground – жер
- the north – солтүстік, the south – оңтүстік, the east – шығыс, the west – батыс
- the Republic of Kazakhstan – Қазақстан Рсепубликасы, the Dominican Republic – Доминикан Республикасы, the United Kingdom – Ұлыбритания, the United States – Құрама Штаттар, the UAE – БАӘ
- the Netherlands – нидерланд, the Philippines – филиппин
- the Alatau – Алатау, the Tien Shan – Тянь-Шянь, the Caspian – Каспий
- in the morning – таңда, in the evening – кешке, in the afternoon – түскен кейін