- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Теңіз терминдерінің қысқаша...
Теңіз терминдерінің қысқаша сөздігі
Анкерок — тұщы суға арналған кеспек.
Арқан бухтасы — шиыршықтап (шумақтап) оралған арқан.
Бак — жоғарғы палубаның тұмсық жағы.
Бакштаг — кеме бағытының бір түрі. Бұл бағытты ұстағанда кеме жүрісі жел бағытымен 100°-тан 170°-қа дейінгі аралықты құрайды.
Баркептина — шлюпкада ескекшілер отыратын орындық, үш немесе одан да көп мачталы желкенді кеме. Мұндай кеменің алдыңғы мачтасындағы желкен түзуінен, ал қалғандарында қиғаш орналасады.
Бейдевинд — кеме бағытының бір түрі. Бұл бағытты ұстағанда кеме жүрісі жел бағытымен 10°-тан 80°-қа дейінгі аралықты құранды.
Бизапь-мачта — үш немесе одан да көп мачталы кеменің ең артқы мачтасы.
Бимсы — кемеге көлденең бекіткен белағаштар. Палуба осылардың үстіне қондырылады.
Битенгтер — арқан-жіптерді бекітуге арналған ағаш немесе металл тұғыршалар.
Бом-кливер — кеме тұмсығындағы үшбұрышты қиық, желкендердің алдыңғысы.
Брашпиль — зәкір немесе құрал-жабдықтарды көтеруге арналған айналмалы шығыр.
Бушприт — кеме тұмсығына шамалы шығып тұратын ағаш бөрене.
Бом — кливер мен кливердің алдыңғы төменгі бұрыштары осы бөренеге байланады.
Ванттар — мачталарды тігінен ұстап тұратын, бір ұштары бортқа байланған құрал-жабдықтар. Арқан баспалдақтары бар.
Верт — кішірек зәкір.
Вымбовка — зәкір шпилін қолмен бұрап көтеруге арналған шығыр.
Жел бетіне шығару — желкеннің төменгі артқы бұрышын жел жақтағы бортқа қарай ауыстыру.
Галион — үлкен желкенді кеменің бір түрі.
Галс — кеменің жел ыңғайына қатысты бағыты. Мысалы: он немесе сол галспен жүру дегеніміз — он жақтан немесе сол жақтан соққан жел ыңғайымен жүру деген сөз.
Галфинд — кеме бағытынын біртүрі. Бұл бағыт кезінде кеме жүрісі 80"- тан 100"-қа дейін бұрыш жасайды.
Гафель — бір басын мачтаға жантайта бекіткен бөрене. Жоғарғы желкендер осы бөрене арқылы көтеріледі.
Гафель-гардель — гафельдің алдыңғы ұшын көтеруге қызмет ететін құрал
Гик — бір басы мачтаға бекітілген көлденең бөрене.
Гиттер — желкеннің төменгі жиегін жоғарғы басына қарай тартатын(сиыратын) арқан-жіптер.
Грот-грот — мачтегі төменгі желкен.
Грот-мачта — мачтаны тұмсық жағынан екіншісі.
Дирик-фал — гафельді көтеретін құрал
Каперлер — теңіздегі дұшпан кемелерін ұстаудан тұтқындауға дейін өз үкіметінен ұлықсат алған каперлік жеке меншік кемелер.
Кат-балклер — зәкірлерді палубаға көтеруге арналған кеме тұмсығындағы кран іспетті бұрылмалы, төрт қырлы бөренелер.
Килъ — кеменің астыңғы жағына ұзыннан салынған жуан бөрене. Кеменің негізгі бөлшектерінің бәрі осы бөренеге бекітіледі.
Кильватер — кеменің артында қалатын құйрықты жұлдыз секілді ақсонар із. Мыс: кильватерде жүру дегеніміз ─ алдыңғы кеменің ізін қуалап жүру деген сөз.
Кливер — кеме тұмсығындағы үшбұрышты қиық желкендердің екіншісі.
Кливер-фал— кливерді көтеретін арқан-жіп.
Клипер — желкенді кемелердің аса жүрдек (жүйрік)түрлерінің бірі.
Клотик — мачтаның немесе стеньганың төбесіне жабылған ағаш дөңгелек.
Клюз — зәкір шынжыры өтетін борттағы тесік.
Кнехтеp — палубаға бекітілген, тросты орауға арналған темір тұғыршалар.
Коммингс — су кіріп кетпес үшін биіктеу жасалған люктің жиегі.
Корма — кеменің артқы жағы (бөлігі).
Кафель — нагель-мачта шеңберінің тесігіне кигізілген діңгек (құрал-саймандарды бекітуге немесе іліп қоюға арналған).
Лаг — кеме жүрісінің жылдамдылығын немесе оның жүріп өткен жолын өлшейтін (анықтайтын) аспап.
Лаглинь — лаг қалтқысын байлайтын жіп.
Леер — екі ұшы екі жаққа (діңгекке) бекітілген ұзын жіп. Бұл көбінде кейбір желкендерді қоюға, ал кейде кәдімгі кір жаға үшін пайдаланылады.
Ликтрос — желкен жиектерін көктеуге арналған жұмсақ трос.
Марсовые — мачта желкендерін қоюға немесе жинап алуға бейімделген мастростар.
Теңіз милі (миль) — 1 миль-1852 метрге тең ұзындық өлшемі.
Бортқа! (на борт) — жүргізу тұтқасын шегіне дейін бұрау.
Найтовы — тросты немесе шымжырлы бекіту.
Нирал — желкендерді жинар кезде оларды төмен тартатын құрал
Нок — кез келген көлденең немесе қиғаш бөрененің сыртқы ұшы (басы); мыс: гафельдің ногі.
Обводы — кеме қаңқасының түрі (формасы)
Оверштаг — "оверштаг бұру" — кеме жел арнасын тұмсығымен кесіп өтерде, желге қарсы шұғыл бұрылу.
Остойчивость — жел немесе су ағысы қисайтқан кезде кеменің түзу қалыпқа қайта түсуге икемділігі.
Пиллерстер — палубаны астынан ұстап тұратын тік бөренелер.
Планшир — шлюпка бортының немесе кеме фалынбортының үстіңгі белағашы.
Полветра — "полветрде" — галфинд деп аталатын кеме бағытының екінші атауы (кеме жүрісі жел бағытымен 10"-тан 80°-қа дейінгі аралықты құрайды).
Полубак — кеме тұмсығындағы палуба үстінде орналасқан алаңша.
Ракс-бугель — мачта бойымен ары-бері жүгіріп тұратын қармақты сақина. желкеннің үстіңгі жиегі бекітілетін сырықшаны көтеруге арналған.
Рангтоут — желкендер байланатын ағаш немесе металл бөліктер.
Риф — "рифке алу" — желкеннің төменгі етегінен бастап сиыра жинау арқылы оның көлемін кішірейту. Желкендер негізінен қатты жел кезінде рифке алынады.
Рубка — жоғарғы палуба үстіне тұрғызылған кішкентай үйшік. Кеме жүрісі осы үйшіктен басқарылады.
Румпель — жүргізу тұтқасының (руль) үстіңгі бөлігіне кигізілген мүйізшелер . Руль осы мүйізшелер көмегімен бұрылады.
Салинг — айқын түрінде мачтаға бекітілген ағаш сырықтар, — арқан-жіптерді байлауға, сондай-ақ степьгаға тіреу болуға қызмет етеді.
Сампан — Қиыр Шығыспен Қытайда кеңінен тараған жалпақ табанды желкенді кеме.
Свайка — троспен жұмыс істегенде пайдаланылатын істік тәрізді үшкір темір.
Сезни — оралған желкендерді бір орынға жинау кезінде, оларды біріктіріп байлап қоюға пайдаланылатын қысқа тростар.
Спенкер (контр-бизань) — артқы мачтаға ілінетін төртбұрышты қисық желкен.
Стаксель — фок-мачтаға тікелей ілінген алдыңғы үшбұрышты желкендердің үшіншісі.
Стеньга — мачтаның жалғасы болып есептелетін ұзын ағаш діңгек.
Степс — мачтаның төменгі басым бекітетін терең ұялы ағаш бөрене.
Такелаж — рангоуттың кейбір бөліктерін бекітетін немесе желкендер мен рангоутты көтеріп-түсіріп тұратын құрал-жабдықтар.
Тали — ауыр заттарды көтеруге арналған ұялы темір шығыр. Онымен желкендерді де басқарып тұрады.
Талреп — тік тұрған такелаж құрал-саймандарың тартуға арналған трос немесе винт (бұранда).
Топ — ұшар басы, төбесі, топ-мачта-мачтаның ұшар басы, төбесі.
Топсель — грот-мачта пен фок-мачтанын жоғарғы қиық желкені.
Тузик — екі ескекті шағын шлюпка (қайық).
Туманный горн — желкенді кемелерде тұманды сәттерде дабыл қағып тұратын керней.
Уваливать под ветер — желден жалтару — қарсы соққан жел арқылы тұмсығымен бұрылу.
Фал — желкенді немесе туды көтеруге арналған құрал.
Фалшь — шлюпканы байлап қоятын трос (арқан).
Фалшь — борттың жалғасы, үстіңгі палубаның биік ернеуі.
Фальшкиль — кильдің астынан бекітілген төрт қырлы бөрене (брус).
Фок — фок-мачтадағы төменгі желкен.
Фок-мачта — алдынғы мачта.
Фор-ванты — Фок-мачтаның ванты (мачтаны тігінен ұстап тұратын арқан-жіптер)
Фордеинд — кеме бағытының бір түрі. Бұл бағытты ұстағанда кеме жүрісінің бұрышы он борт жақтан 170"-тан сол жақ борттан170"-қа дейінгі аралықты қамтиды.
Форштевень — кеменің алдынғы тұмсық тұсы (кильдің жалғасы).
Хват-тали — екі шығырдан тұратын шағын талилер (палубада әртүрлі жұмыстар атқаруға пайдаланылады).
Швартовы — кемені жағаға байлайтын немесе басқа бір кемеге тіркеуге ілетін трос (арқан).
Шкот — желкендерді басқаруға арналған құрал.
Шлюп — бір мачталы шағын желкенді кеме.
Шпангоуттар — кеме қаңқасының көлденең қабырғалары.
Шпигаттар — борттың немесе палубаның су ағызуға арналған тесіктері.
Шпор — мачтанын немесе стеньганың төмен басы (ұшы).
Штаг — мачтаны немесе степьганы алдыңғы жағынан ұстап тұратын құрал (арқан-жіп).
Шторм-трап — арқан-жіптен жасалған баспалдақ.
Ют — палубаның корма жағы (артқы).
Якорный огонь — зәкір оты — кеме зәкірде тұрған кезде тұмсық үстіне іліп қоятын шам.
Г. Берік