Темекенің денсаулыққа зияны туралы айту артық та шығар. Соны ескере отырып, тағы да айтқалы отырмыз. Себебі, бүгінгі таңда әр кездескен адамның бірі темекі сұрайды немесе бір бұрышта бұрқыратып тұруға әуес. Әрине, олар денсаулықтарымен ойнап жүргендерін біледі. Алайда, осы тұста Ғабит Мүсіреповтің бір сөзі еріксіз еске түсе кетеді. Бірде ол әзілмен болса да, ысталған жүректің ұзаққа шыдайтынын және темекі шегуінің бір сыры сонда жатқанын алға тартқан екен.
Таяуда Ұлыбританияның корольдік колледжі темекінің адамның интеллектуалдық деңгейіне кері әсер ететіндігін анықтай алды.
Анықталғандай, темекі тарту ақыл-ойдың, бір сөзбен айтқанда интеллектуалдық деңгейдің төмендеуіне алып келетін болып шықты.
Ғалымдар елуді еңсерген 8800 адамды зерттеу нысанына айналдырған. Өз кезегінде оларды шылымды мүлде шекпейтін жандармен салыстырған. Осы жерден келіп, олар темекі шегудің ақыл-ойға кері әсер ететінін анықтаған. Тағы бір айта кетерлігі, зерттеу барысында екі топтағы адамдар (темекі шегетіндер мен шекпейтіндер) шама-шарықтары келгенше тұрмысқа енген көп сөздерді жаттап алуға тырысқан...
сурет:life.comments.ua
Дайындаған: Фараби Арыстанбек