1790 жылы франциялық Де Сурак ойыншық ағаш аттың алдыңғы-артқы аяқтарына дөңгелек орнатып, адамның ағаш атқа мініп екі аяғымен жерді тіреп жүруіне болатынын білді. Осылайша, дүниедегі тұңғыш велосипед жарыққа шықты. 1886 жылы англиялық инженер Джеймс Старли қауіпсіз велосипед жасап шықты және велосипед өндіретін арнайы жабдықты да жобалап жасады. Велосипед тапқырланған соң күнделікті тұрмыстағы көлік және спорт құралы ретінде адамдардың өміріне ене бастады.
1790 жылы Де Сурак үлкен ат арбаның көшеде жүруінің қолайсыз екенін көріп, жеңіл әрі қолайлы қатынас құралын жасау ойына келеді. Ойыншық ағаш аттың алдыңғы-артқы аяқтарына дөңгелек орнатып, адамдар ағаш атқа мініп, аяғымен жерді теуіп алға жүруге болатын құралды жасайды. Онда бағыт бұруға, тормоздауға мүмкіндік жоқ еді. Ол тек екі аяқ пен дененің күшіне негізделген-ді.
1831 жылы германиялық Карл Вон деллас барон рөлімен меңгерілетін екі дөңгелекті велосипед жасайды. Ал 1839 жылы шотландиялық темірші Макмилон темірді қолдану арқылы кәдімгі велосипедті жасайды, оған мінген адам екі аяғымен бір тиекті өткергіш тетікке жалғанған екі ұзын тіреуішті теуіп жүретін болған. 1861 жылы франциялық ат арба жөндеуші Эрнес алдыңғы дөңгелегі үлкен, артқы дөңгелегі кішкентай, екі аяқпен алдыңғы дөңгелекті тікелей айналдыру арқылы жүретін отырмалы велосипедті жасап шықты. 1866 жылы бұл табысын патенттеді.
1817 жылғы велосипед
1884 жылдан 1887 жылға дейін сол тұстағы екі маңызды тапқырлық велосипед жасауға қолданылды. Оның бірі үш бұрышты бөлек қаңқа және айналмалы қазаншық. Оған қоса, 1880 жылы Ханс Ленод тапқырлаған велосипед жөнінен шешуші мән алған шынжыр. Осылайша осызаманғы велосипедті жасауға барлық шарт-жағдай әзірленіп болды. Джеймс Старли осы өнертабыстарға негізделе отырып, 1886 жылы алдыңғы-артқы дөңгелектерді бір өлшемге келтіріп, педальмен қосып крес формалы қаңқа жасап, шынжыр арқылы педальдың күшін артқы дөңгелекке түсетіндей етіп жалғастырды. Бұл велосипедтің ең соңғы формасы болды. Онда бүгінгі велосипедтің барлық қасиеті болды. Тек дөңгелектің сыртқы қабы каучукпен қапталып, жүргенде шарқылдап, секіріп, қазіргідей жайлы болған жоқ.
Велосипедтің даму үрдісі
Адамдардың мінуге қолайлы көлік болса деген арманы ешқашан толас тапқан емес. Велосипед тапқырланған жүз жылдан артық уақыт ішінде адамдар оған тынбай өзгерістер енгізіп, барған сайын кемелдендіре түсті. 1888 жылы АҚШ-тық мал дәрігері Донлоп баласының велосипед жарысына қатысқанда, ауылдағы қара жол үстінде великтің қатты секіріп, жүруге өте қолайсыз екенін аңғарады. Оның ойында велосипедтің жүрісін қайткенде жайлы етуге болады деген сұрақ туындайды. Донлоптың есіне сиырдың іші кепкенде, асқазанның желдің керуіне төзімділігі әрі оның ішінің өте жұмсақ болатыны түсе кетеді. Сонымен ол дереу жүгіріп бақшаға барып, суаратын түтікшені шеңбер формасында тұйықтап, велосипедтің дөңгелегіне қаптап, оған жел толтырып береді. Осылайша алғашқы дөңгелегіне жел толтырылған велосипед барлыққа келді. Бұл әдіс велосипедті жайлы етіп, тез жүруіне мүмкіндік берді. Бұл өнертабыс бүкіл әлемге тарады. Жел толтырылатын балон өмірге келген соң, велосипедке үзіксіз өзгерістер еніп, орындықтың астына серіппе орнатылып, тормоз қойылып жасала бастады. 1890 жылға келгенде велосипедтің құрлымы қазіргі велосипедке ұқсас кейіпке келді.
Әлемде сатылуы ең көп болған велосипед түрі - 500 миллионы сатылған
Джеймс Старли 1876 жылы меңгеруге болатын үш дөңгелекті велосипед жасап шыққан болатын. Ол осы өнертабысымен Англияның әйел патшасы Викторияның риза пейілі мен қошаметіне ие болды. Әйел патша оған алтын күймелі велосипед жасауға тапсырыс берді және оны арнайы қабылдап, патшаның есімі ойдырылған алтын сағатты сыйға береді. Осыдан былай адамдар Джеймс Старлиді «Велосипедтің жаратушысы» деп атап кетеді.
Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Әйнек
Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Термометр
Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Дүрбі
Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Жай тартқыш
Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Микроскоп
Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Цемент
Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Батарея
Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Қауіпсіз қопарғыш дәрі
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: Уикипедиа