1809 жылы англиялық Форсон мен Брам сиялы қалам – сияны резеңке қалта орнатылған күміс түтікке сорғызып, сия қалам ұшына ағып келу арқылы жазу жазатын қалам ойлап тапты. 1844 жылы АҚШ-тық Уатерман Эдсон жіңішке түтік арқылы қалам таңдайы мен сия құйылған түтікті тұтастырып, қалам ұшын саңылаулы етіп, кемелді сиялы қалам жасап шықты.
АҚШ-та 1867 жылы патенттелген #68445 нөмірлі қалам
Өнертабыстың барысы
Қытайда қылқалам арқылы жазу ежелден қалыптасқан. Ал Еуропада ұзақ жылдар бойы құс қауырсынынан қауырсын қалам жасап пайдаланып келген. 1809 жылы Форсон қалам өзегіне сия құйып сақтауға болатын етіп жасады, бірақ, бұл қаламның жазуы біркелкі болмады. Сол жылдары АҚШ-та сақтандыру компаниясында жұмыс істейтін Уатерман Эдсон бұл қаламға өзгеріс жасамақ болды. Ол мақталы қағаздың айналасындағы сұйықтықты өзіне сіміретін физикалық ерекшелігінен шабыт алды. Тәжірибеден өткізу арқылы ол жіңішке түтікше орнатылған, таңдайы мен таңдай саңылауы, қаламұшы бар, жазу жазатын қалам тапқырлап шықты. Сонымен 1844 жылы біршама кемелденген сиялы қалам жарыққа шықты.
Өнертабыстың ықпалы
Жазу адамзаттың білім алуы мен білімді кейінгі ұрпаққа қалдырудағы ең маңызды тәсілі. Адамзат жазуға қолайлы құрал табуға ежелден-ақ ынталы болып келді. Бүкіл 19-шы ғасырда көп адам әртүрлі сиялы қалам зерттеп жасады, патент құқығын өтініш етушілердің өзі 400-ге жуықтайды екен. Жазу жазатын құрал саналатын қалам екі жүз жылдан бері адамзат өркениетінің алға басуына терең ықпал жасады. Ол қазірге дейін үлкен өміршеңдікке ие, оның орнын компьютер немесе машинка баса алмақ емес.
Кейінгі бірнеше жылда, сиялы қаламның сорғыштығы үздіксіз жақсартылды. Қазір көптеген сиялы қаламның қаламұшы ириди қоспа металлдан жасалады, ол үйкеліске, шіруге төзімді, жүйрік әрі бағасы да арзан келеді.
Қызықты деректер
Эдсон сақтандыру компаниясының қызметкері болғандықтан, құжаттарды қабылдағанда кестені үнемі қаламмен толтыру керек болатын еді. Бірақ, Форсон, Брамдар тапқырлаған сиялы қаламды істеткенде қалам сиясы үнемі параққа төгіліп, компанияның жұмыс үнемі ақсап жататын. Бірде қалам сиясымен келген клиенттің киімін былғап алады. Ашуға мінген қонақ оның сақтандыру компаниясынан кетіп, бас сақтандыру компаниясын таңдайды. Дәл осы істен кейін ол жаңаша сиялы қалам жасауды ойға алады. Эдсон сиялы қаламды жасау үшін тамағын асырап отырған жұмысын тастап, жоқшылық жайлаған тұрмыс ішінде бар зейінімен сиялы қаламды зерттеуге кіріседі. Ол адамдарға тек қана сиялы қалам емес, сиялы қаламнан төгілген мол рухани байлық сыйлады десек артық айтқандық болмайды.
Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Әйнек
Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Термометр
Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Дүрбі
Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Жай тартқыш
Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Микроскоп
Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Цемент
Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Батарея
Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Білдек (станок)
Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Жансыздандырғыш дәрі
Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Пенициллин
Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Қан құю
Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Комбайн
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: chatterleyluxuries.com