1609 жылы Италия ғалымы Галилей дүрбіні ойлап тапты. Бүгінгі таңда дүрбіні бинокль (французша bіnacle, латынша bіnі – жұп, екі және oculus – көз) деп те атайды. Ол оптикалық осьтері параллель болатындай етіп бір-бірімен жалғасқан екі көру түтігінен тұрады. Оптикалық сұлбасы объектив (желімделген екі линза жүйесі) пен окулярдан құралған.
Дүрбі тапқырланған соң үздіксіз кемелдену, даму арқылы бізден бірнеше миллиард жарық жылы алыстағы шоқжұлдыздарды бақылауымызға мүмкіндік туылып, адамзаттың жаңа тіршілік ортасын және тіршілік етуге қажетті жаңа байлықты қарастырудағы маңызды құралына айналды.
1609 жылы Галилей нидерландық көзәйнек саудагері Ханс Персиннің ұзақтағы денені үлкейтіп көрсете алатын түтік формалы көзәйнек жасағанын, әрі, оны Нидерланд үкіметінің соғыс майданын бақылауына ұсынған хабарын естіген соң, өз қолымен екі линзадан құралған тұңғыш телескопты жасап шықты. Тынбай құлшынудың арқасында ол жасаған дүрбі денені үш есе үлкейтіп көрсете алатын дәрежеге жетті. Осыдан кейін, ол денені 1000 еседен жоғары үлкейтіп көрсете алатын дүрбі жасауға бел буады. Ол бірінен бірі жақсы дүрбілерді кеңістікке туралап, адамдар байқай алмаған көптеген аспан құбылыстарын байқайды. Галилей астрономия ғылымы үшін әлемді аспаппен бақылау жаңа дәуірін ашты.
Сонымен бір уақытта, Ньютон дүрбінің анықтық дәрежесін жоғарылатудың амалы линзаны пайдалану емес қайта шағылыстырғыш айнаны пайдалану дегенді ортаға қойды. 1781 жылы Англия астрономы Гершель үлкен диаметрлі шағылыстырғыш айна жасай бастады. Ол барыста ол күн жүйесіндегі жетінші үлкен қыдырма жұлдыз – Уранды байқады. 1785 жылдың соңғы айларында, осы алып дүрбі ақыры жасалып бітіп, аспанға зеңбірек тәрізді оқталып қойылды. Осыдан кейін, дүрбінің ірі тұрпаттану үрдісі басталды. 1930 жылы сәуле сындырғыш дүрбінің артықшылықтарын қорытындылай отырып, Смит дүрбісі жасалды. Ол ірі тұрпатты дүрбінің қызметін таңқаларлықтай арттырып, дүрбіге орнатылған дүрбі фотоаппарат бір миллион жұлдыз және жүз мың жұлдыздар жүйесінің дара кескінін түсіре алды. Ал, радио толқынын таратқыш астрономиялық дүрбі он миллиард жарық жылы алыстағы әлемнен келген көрінбейтін сәулелердің сигналын қабылдай алды.
Хоулдың рең айырмашылығын жойғыш нысаналы әйнегінен пайдалана отырып, Ресейдің Дорпат астрономия пунктінің бастығы Строви 2200-дей жаңа қосжұлдыз байқады. Сәуле шағылыстырғыш астрономиялық дүрбіден пайдалана отырып, Германия астрономия орталығының бастығы Галлер Нептон жұлдызын байқады. Кейін келе суретке алу технологиясы арқылы сақтауға болатын астрономия суретін тартумен бірге, нақты көзбен және астрономиялық дүрбімен көре алмайтын күңгірт аспан денелерін де суретке түсіретін болды.
Галилейдің дүрбіні астрономиялық бақылауға пайдалануы тапқырлықтың түбірлі беталысын белгілеп, астрономия ғылымы теориясының дамуын зор дәрежеде ілгерілетті. Адамдар дүрбінің фокус аралығын арттыру арқылы дүрбінің үлкейту еселігін жоғарылатуда қиыншылыққа жолыққанда, Хук линзаның диаметрін арттыру дүрбінің үлкейту еселігінің белгілеуіш факторы екенін дәлелдеді. Ньютонның үш қырлы әйнек арқылы ақ сәулені сындырып алты түрлі түс белдеуін қалыптастыруы ақ сәуленің шындығында ұқсамаған реңді сәулелердің бірікпесі екенін дәлелдеп, рең айырмашылығы құбылысын теориялық тұрғыдан түсіндіріп берді.
Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Әйнек
Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Термометр
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: mathscinet.ru