- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Тарихқа ықпал еткен...
Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Дүрбі
1609 жылы Италия ғалымы Галилей дүрбіні ойлап тапты. Бүгінгі таңда дүрбіні бинокль (французша bіnacle, латынша bіnі – жұп, екі және oculus – көз) деп те атайды. Ол оптикалық осьтері параллель болатындай етіп бір-бірімен жалғасқан екі көру түтігінен тұрады. Оптикалық сұлбасы объектив (желімделген екі линза жүйесі) пен окулярдан құралған.
Дүрбі тапқырланған соң үздіксіз кемелдену, даму арқылы бізден бірнеше миллиард жарық жылы алыстағы шоқжұлдыздарды бақылауымызға мүмкіндік туылып, адамзаттың жаңа тіршілік ортасын және тіршілік етуге қажетті жаңа байлықты қарастырудағы маңызды құралына айналды.
1609 жылы Галилей нидерландық көзәйнек саудагері Ханс Персиннің ұзақтағы денені үлкейтіп көрсете алатын түтік формалы көзәйнек жасағанын, әрі, оны Нидерланд үкіметінің соғыс майданын бақылауына ұсынған хабарын естіген соң, өз қолымен екі линзадан құралған тұңғыш телескопты жасап шықты. Тынбай құлшынудың арқасында ол жасаған дүрбі денені үш есе үлкейтіп көрсете алатын дәрежеге жетті. Осыдан кейін, ол денені 1000 еседен жоғары үлкейтіп көрсете алатын дүрбі жасауға бел буады. Ол бірінен бірі жақсы дүрбілерді кеңістікке туралап, адамдар байқай алмаған көптеген аспан құбылыстарын байқайды. Галилей астрономия ғылымы үшін әлемді аспаппен бақылау жаңа дәуірін ашты.
Ғылымның өзіне тән нағыз қасиеттерінің бірі, оның дәлдігі. Галилей дүрбісінің «кескін айырмашылығын» (жарық линзадан өтіп шоғырланған соң қалыптасқан кескіннің бұлдырлығын) жою дүрбіні жақсарту барысында ұшыраған жаңа мәселеге айналды. Германия ғалымы Кеплер екі линзалы, яғни жазық-дөңес линзалы дүрбіні жасайды. Ол белгішені нысаналық әйнек кескін қалыптастыратын жерге орнатып, тұрақты жұлдыздардың орнын біршама дәл бақылауға болатын дүрбіні жасады. Оның көру аясы кең еді, астрономиктердің аспан денелерін бақылауға қолданылды. Есекқырған, Жер шары, ай шары сияқты күн нұры арқылы жарық шығаратын аспан денелерін анық байқай алды. 1729 жылы англиялық адвокат, әрі, математик Честер Моер тұңғыш «рең айырмашылығын жойғыш» (дүрбідегі кескіннің айналасында күлгін жолақ пайда болады, бұл кескінді анық керсетпейтін-ді, бұл дүрбідегі басты кемшілік болған) нысаналық әйнек жасап шықты. Ол ұқсамаған әйнектерден қосылып, басты рөлі бір линза қалыптастырған рең айырмашылығын келесі линза жоятын болып, қоспа нысаналық әйнек деп аталды.
Сонымен бір уақытта, Ньютон дүрбінің анықтық дәрежесін жоғарылатудың амалы линзаны пайдалану емес қайта шағылыстырғыш айнаны пайдалану дегенді ортаға қойды. 1781 жылы Англия астрономы Гершель үлкен диаметрлі шағылыстырғыш айна жасай бастады. Ол барыста ол күн жүйесіндегі жетінші үлкен қыдырма жұлдыз – Уранды байқады. 1785 жылдың соңғы айларында, осы алып дүрбі ақыры жасалып бітіп, аспанға зеңбірек тәрізді оқталып қойылды. Осыдан кейін, дүрбінің ірі тұрпаттану үрдісі басталды. 1930 жылы сәуле сындырғыш дүрбінің артықшылықтарын қорытындылай отырып, Смит дүрбісі жасалды. Ол ірі тұрпатты дүрбінің қызметін таңқаларлықтай арттырып, дүрбіге орнатылған дүрбі фотоаппарат бір миллион жұлдыз және жүз мың жұлдыздар жүйесінің дара кескінін түсіре алды. Ал, радио толқынын таратқыш астрономиялық дүрбі он миллиард жарық жылы алыстағы әлемнен келген көрінбейтін сәулелердің сигналын қабылдай алды.
Хоулдың рең айырмашылығын жойғыш нысаналы әйнегінен пайдалана отырып, Ресейдің Дорпат астрономия пунктінің бастығы Строви 2200-дей жаңа қосжұлдыз байқады. Сәуле шағылыстырғыш астрономиялық дүрбіден пайдалана отырып, Германия астрономия орталығының бастығы Галлер Нептон жұлдызын байқады. Кейін келе суретке алу технологиясы арқылы сақтауға болатын астрономия суретін тартумен бірге, нақты көзбен және астрономиялық дүрбімен көре алмайтын күңгірт аспан денелерін де суретке түсіретін болды.
Галилейдің дүрбіні астрономиялық бақылауға пайдалануы тапқырлықтың түбірлі беталысын белгілеп, астрономия ғылымы теориясының дамуын зор дәрежеде ілгерілетті. Адамдар дүрбінің фокус аралығын арттыру арқылы дүрбінің үлкейту еселігін жоғарылатуда қиыншылыққа жолыққанда, Хук линзаның диаметрін арттыру дүрбінің үлкейту еселігінің белгілеуіш факторы екенін дәлелдеді. Ньютонның үш қырлы әйнек арқылы ақ сәулені сындырып алты түрлі түс белдеуін қалыптастыруы ақ сәуленің шындығында ұқсамаған реңді сәулелердің бірікпесі екенін дәлелдеп, рең айырмашылығы құбылысын теориялық тұрғыдан түсіндіріп берді.
Гершель 1781 жылы Уран жұлдызын байқауымен атағы шыққандықтан, музыкалық өмірін тастап, кәсіпқой астрономия ғалымына айналды. Гершель аспан денелерін бақылау барысында 1500-ден астам жұлдыздар тұманын байқады. Бұл тұмандықтардың кейбірі тұрақты жұлдыздардан, кейбірі қызған газдардан құралған тұмандық екенін байқаған. Осы тұрақты жұлдыздардың тұмандығы құс жолы жүйесінен тысқары жатқан кейбір дербес жұлдыздар тұманы еді. Гершельдің бақылауы адамзаттың астрономиялық зерттеуі саласында тұңғыш рет құс жолы жүйесінен тысқары жұлдыздар жүйесіне кеңейгендігін түсіндірді. Гершельдің ең үлкен үлесі тұңғыш рет құс жолы жүйесінің модулін ортаға қойды. Құс жолы жүйесі көптеген тұрақты жұлдыздардан құралады, формасы табақшаға ұқсайды, диаметрі 700 жарық жылы, қалыңдығы 1300 жарық жылы. Бұл модульді Гершель статистика нәтижесінде алған. Кейін бұл теорияның дұрыстығы дәлелденді. 1783 жылы Гершель бақылау арқылы тұрақты жұлдыздардың өз өсінде айналуын байқап, күннің қозғалысын межелеп шығып, күн және күн сияқты тұрақты жұлдыздар тыныштықта болады деген көне көзқарасты талқандаған. Осы зор еңбегі үшін Гершель «Тұрақты жұлдыздар астрономиясы ғылымының атасы» деген құрметті атаққа ие болды.
Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Әйнек
Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Термометр
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: mathscinet.ru
M. Auelkhan