Таңертең неге керіліп-созыламыз?

Таңертең неге керіліп-созыламыз?

Ғылымда қаншама сұрақтардың шешімі табылып жатыр. 10 жыл бұрынғы, тіпті, 20 жыл бұрынғы шешімі жоқ деген сұрақтардың  өзіне де қазіргі таңда пысқырып қарайтын болдық. Оның бәрі ғылым мен техниканың арқасы. Әрине, ең бірінші кезекте адамның... Ол болмаса, яғни біз болмасақ, жер беті осы кейіпте, тез арада дамып кететін бе еді?! Бастысы ол емес, бастысы – ғылым. Ендеше, ғылым демекші, адам ұйқыдан тұрғанда, неліктен керіліп-созылады екен?

Біздің денемізде миллиардтаған капиллярлар (жіңішке қан тамырлары) бар, соның бәрі ашық түрде қанға толтырылған. Ағзаның жұмыс істеу қағидасы: «әрқайсысына  ақылыға сиятындай ғана қажеттілік беру». Сондықтан, біз ұйықтап жатқанда және бұлшық еттер босаңсыған уақытта, көптеген бұлшық ет капиллярлары жабық кезде, негізгі бұлшық еттер ғана өздерінің өмір сүрулеріне жеткілікті мөлшерде қан қабылдайды.

Сол үшін адам ұйқыдан тұрған кезде, бұлшық еттер оны көтеріп, орнында ұстап, арлы-берлі қозғалтып тұрулары үшін қан көбірек керек болады. Адамның күллі сүйек бұлшық еттері дененінің әсерінен қозғалысқа еніп, соның нәтижесінде капиллярларға ашық түрде дабыл (сигнал) түседі.

Қантамырлардың яки қан жолдарының  жаймен іске қосылуы күрделі процесс. Себебі, оқыс жағдай – ағза үшін есеңгіреу (стресс). Ал біздің денемізді керіп-созуымыз, ол тікелей жақсы-көңіл-күй алу орталығымен (барлық сүтқоректілерде солай) тығыз байланысты.

Сурет:nlo-mir.ru

 

Л. Лига