- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Талапкер назарына:"Саясаттану" мамандығы...
Талапкер назарына:"Саясаттану" мамандығы
Политология («полис» және «логос») – саясат туралы ұғым және «мемлекетті басқару» деген мағынаны білдіреді. Саясаттанушы маманның кәсіби біліктілік қызметі – басқару және билік қатынасы саласында саясаттың нормалары мен ресурстары арқылы қоғамдық процестерді реттеуден көрініс табады.
«Саясаттану» мамандығы бойынша «әлеуметтік білімдер бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі. Олардың сыртқы және ішкі саясатын жүзеге асыру бойынша мемлекеттік басшылықтың әртүрлі буындарында ұйымдық-басқарушылық іс-әрекеттермен айналысуға мүмкіндіктері бар.
Саясаттанушы түлек өз бетімен білімділікті, біліктілікті игере отырып, саяси нарық қажеттілігіне сәйкес өзінің кәсіби қызметінің түрі мен сипатының өзгеруіне кәсіби тұрғыдан да, психологиялық тұрғыдан да дайын болуы тиіс.
«Саясаттану» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен негізгі стандарт төмендегідей.
Түлек мынандай қызметтермен айналыса алады:
- орта және кәсіби орта оқу орындарында оқытушы;
- инструктор;
- инспектор;
- сараптамашы;
- эксперт;
- кеңесші;
- имиджмейкер;
- конфликтолог;
- саяси технолог;
- қоғаммен байланыс жөніндегі маман;
- саяси консультант;
- сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар маманы және т.б.
Түлектердің кәсіби қызмет объектісі мына мекемелер мен ұйымдар бола алады:
- аудандық, қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі мемлекеттік билік органдары;
- аналитикалық орталықтар, қорлар;
- мектептер, лицейлер, гимназиялар, колледждер;
- саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар;
- бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ);
- үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ).
Кәсіби қызмет салалары мыналар:
- саяси процестер мен құбылыстар, шешім қабылдаудағы саяси қызмет, игіліктерді бөлу, мақсаттар мен бағдарламаларды алға қою, басқару мен жетекшілік ету, мемлекеттің ішкі істері мен халықаралық байланыс;
- саясат саласындағы зерттеу мен практикалық іс-қызметтерді жоспарлау; адамдар, мемлекет, қоғам мен тұлға арасындағы іс-қызмет түрлері мен өзара әрекеттесу формаларын реттеу құралы ретіндегі саясатты оқу, қолдану және оңтайландыру; мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың саяси құжаттарын даярлау; қоғамның саяси мәдениетін қалыптастыру, саясаттағы мақсаттар мен жағдайларды зерделеу және проблемаларды айқындау мен болжау; қызметкерлермен кеңес беру, әдістемелік, ағарту жұмыстарын жүргізу; басқару мен жетекшілік жасау саласындағы инновациялық қызмет.
Саясаттану мамандығы бойынша бакалаврлар мынандай кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:
- ұйымдастыру және басқару;
- өндірістік-технологиялық;
- жобалық;
- ғылыми зерттеу;
- білім беру (педагогикалық).
Бакалавр-саясаттанушының кәсіби қызмет функцияларына мыналар жатады:
- саяси шындықты тану, оған тән негізгі үрдістер мен қарама-қайшылықтарды, объективті байланыстарды ашу;
- мемлекеттік билік органдарының және саяси партиялардың, қоғамдық-саяси ұйымдардың стратегиялық мақсаттарын, жоспарлары мен бағдарламаларын даярлау;
- саяси институттардың қызметін рацоналдандыру, саяси құрылымдарды басқарудың оңтайлы үлгісін әзірлеу;
- елдегі, аймақтардағы, әлемдегі жаһандық саяси процестердің дамуын болжау;
- тұрғындардың саяси мәдениетін қалыптастыру, азаматтыққа тәрбиелеу;
- мемлекеттік билік органдарының мақсаттары, жоспарлары мен бағдарламалары туралы азаматтарды және қоғамдық ұйымдарды ақпараттармен қамтамасыз ету.
Кәсіби қызметінің типтік міндеттері:
- демократиялық қоғамды қалыптастыру үшін, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, мәдени-идеологиялық шараларды қамтитын ішкі саясатты жүзеге асыру, мемлекеттік институттардың легитимділігін қамтамасы сыз ету;
- мемлекеттің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін саяси, экономикалық, мәдени-идеологиялық, дипломатиялық, мемлекетаралық- құқықтық, әскери шаралардың кешені ретіндегі сыртқы саясатты жүзеге асыру;
- билік органдарының бағдарламаларын, концепцияларын, мақсаттарын қалыптастыру барысында қоғамдық мүдделер мен қажеттіліктерді ескеру;
- мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі басқарудың жаңа принциптері мен практикасын қалыптастыру;
- саяси шешімдерді, саяси технологияларды әзірлеу, қабылдау және жүзеге асыру процесін тиімді ету;
- мемлекеттік, муниципалдық басқару органдары мен азаматтар арасындағы өзара түсіністік пен өзара әрекет етуге қол жеткізу.
Саясаттану мамандығы бойынша бакалаврлар кәсіби қызметтің келесі бағыттағы кәсіптерін жүзеге асырады:
- саясат теориясы мен тарихы;
- саяси институттар мен процесстер;
- халықаралық қатынастар саясаттануы;
- салыстырмалы саясаттану;
- қоғаммен байланыс жасау;
- конфликтология;
- имиджеология;
- элитология.
Кәсіби қызметінің мазмұны:
- мемлекеттік жетекшілік ету мен басқарудың әртүрлі сатыларындағы ішкі және сыртқы саясатты жүзеге асыруды ұйымдастыру-басқару қызметі;
- саяси жүйенің қызметін, саяси-әкімшілік, саяси шешімдерді дайындау, басқару мен жүзеге асыру, сайлау кампанияларын жүргізу, мемлекеттік және аймақтық деңгейдегі қоғаммен байланыс жасау, заңға сәйкес өз өкілеттіктерін орындау мақсатында заңды және жеке тұлғалардың билік құрылымдарына ықпал ету технологияларын іске асыруын дайындайтын және қолдайтын технологиялық қызмет;
- мемлекеттік басқару концепциясын, мемлекеттік басқару құрылымдары, қоғамдық ұйымдар мен партиялардың стратегиясын және тактикасын әзірлеу, ішкі және сыртқы саяси процестерді сараптау бойынша эксперттік-кеңесшілік қызмет, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болжамдар;
- зерттеу жобалары мен талдауларды, фактілерін жинақтауды, саяси өмірдің жағдайлары мен құбылыстарының құралдарын әзірлеудегі зерттеу қызметі;
- білім мекемелері мен ұйымдарындағы педагогикалық қызмет.
Саясатану мамандығы бойынша бакалаврдың негізгі қызметіне қойылатын талаптар:
- адамзат өркениеті тарихындағы саяси идеялар мен ілімдердің пайда болуы мен дамуы, қазіргі замандағы саяси қағидаларды;
- халықаралық қатынастар, геосаясат туралы теориялар мен саясаттанудың қазіргі ахуалын;
- тұлғаның адамға, мемлекетке, қоғамға және қоршаған ортаға қатынастарын реттеуші құқықтық және этикалық ережелер туралы түсінігі болуы;
- билік және билік қатынастарын, қоғамның саяси өмірі және оның негізгі сипаттамаларын;
- саяси жүйені және оның институттарын;
- биліктің және басқарудың жүзеге асырылу тетіктерін;
- саяси мәдениет пен идеология субъектілерін;
- Қазақстандағы және әлемдік аренадағы саяси процестерді;
Хабардар болуы керек:
- кәсіби қызметінде әлеуметтік-гуманитарлық ғылым әдістерін пайдалануды;
- жаңа білімдерді игеру және оларды өзгермелі саяси нақтылыққа бейімдей білуі;
- саяси процестерді моделдеу мен салыстырмалы талдау жүргізе алуы;
- саяси даму мәселелері бойынша өз ойын негіздей білуі;
- мемлекеттік мекемелерде рационалдық басқару әдістерін пайдалана білуі;
- ағымдағы мәселелердің көптігі мен күрделенуі жағдайында тиімді шешімдер жолдарын таба алуы;
- ішкі және сыртқы саясаттың стратегиясы мен тактикасын қалыптастыруы;
- қазіргі білім беру технологиясын пайдалануды игеруі;
Дағдысы болу керек:
- ғылыми ізденуді жоспарлау және ұйымдастыру, қазіргі саяси процестерді зерттеу және оны талдау;
- саясаттағы жанжалды жағдайларды реттеу;
- экспертизалар жасау, саяси кеңес беру және болжам;
- кәсіби қызметте қолданатын ақпаратты компьютерлік жинау, сақтау және өңдеу;
- орта және кәсіби орта оқу орындарында қоғамдық - саяси пәндерді оқыту және студенттердің таным процесін арттыру; жетік білуі керек:
- саяси теория мен практика мәселелерінде, саяси проблемалар мен процестерді талдауда;
- кәсіби лексиканы пайдалануда, таңдап алынған саладағы басшылық пен жетекшіліктің белгілі бір деңгейлеріндегі міндеттер мен тапсырмаларды шешуде;
- көпсалалы саяси қызметте.
Дайындаған: Нұржігіт Айдархан
Сурет: prof.labor.ru, strategy2050.kz, akorda.kz.
Н. Айдархан