- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Сыңғырлы үн шығаратын...
Сыңғырлы үн шығаратын жартастар
АҚШ-тың Пенсильвания штатының, Делавэр өзенінің маңында көпшіліктің таң-тамаша қалуына себеп болып тұрған феномен бар. Бұл жерден кез келген адам жартастардың қалай ән салғанын есіте алады. Әлгі сыңғырлы үн шығаратын жартастар қоңыраудай қатты дауыс жеткізеді. Куәгерлердің сөзіне сенсек, сол бір қатты дауыстар адамдардың санасына қорқыныш ұялатып, ескерту жасап жатқан сияқтанады да тұрады. Айта кетері, осы бір жергілікті таулардың ғана ән саларлық қабілеті бар.
Бұларды сыңғырлы үн шығаратын жартастар деп айтады. Осынау тауда өсімдік атаулы жоқтың қасы. Тіршіліктің қаңтарылып тұрғанындай. Керек десеңіз, құстар дүниесі де сырт айналып ұшып, жоламауға тырысады.
Ән салатын жартастар әр түрлі формада, әр түрлі биіктерде бой таластырып жатса да, сыңғырлы үндер бірдей шығып тұрады. Алайда, жартастардың сыры мен басты жұмбағы олардың сыртқы формасында емес сияқты. Жұмбақ таулардың ішінде орналасқан қандай дүние?!
90-шы жылдардың басында Айвен Сандерсон бастаған бір топ америкалық зерттеушілер сыңғырлы үн шығаратын жартастарды зерттеп шыққан болатын.
Жартастарда 10-15 сантиметр аралығында жарықшақтар бар. Әлгі бір жарықшақтар беймағлұм тереңдіктерге бой тартып кетеді. Ғалымдардың ойы бойынша, жарықшақтар желдеткіш қызметін атқарады. Ал шығар ауыз тұстары жасанды жаратылыс болып түзілген. Және ұзақ та қызғылықты талдау барысында жарықшақтардың таудың жасымен салыстырғанда сәл ғана жас екені анықталды. Сонымен қатар, жартастардың сыңғырлы үн шығаруы жел мен ауаға байланысты болмай шықты.
Олар жерастынан шығатын көрінеді. Алайда, олардың шығу ортасын анықтау заманның озық технологиясының да қолынан келмеді. Есеп бойынша, Палеозой дәуірінен тамыр тартып жатқан жартастар сол уақыттар аралығында күрделі желдеткіш құрып үлгерсе керек. Бірақ, мұндай желдеткішті сонау уақыттарда жасау қай адамның ойына кіріп-шықты екен. Мүмкін бұл беймәлім сигналдар шығар. Сонда кімге арналған? Қызыл таудың ішінде қандай сыр жатқаны әмбеге аян болмаған күйі қалып отыр.
Сурет: rus.ruvr.ru
Л. Лига