- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Суреттер сөйлейді. Ойлан,...
Суреттер сөйлейді. Ойлан, тап! (Жауаптары)
«Суреттер сөйлейді. Ойлан, тап!» деп аталатын жазбамыздағы сұрақтардың жауабымен таныс болыңыздар! Бірқатар оқырмандарымыз жауаптарын дәлелдермен көрсетіп, алғырлық танытты. Ендеше, тапқыр оқырмандарымыздың жауаптарын тексерейік!
1. Төртеу. Егер зер салып қарасаңыздар, 4 адамға арналған ыдыс-аяқ бар және кезекшелік кестесінде 4 адамның есімі жазылған.
2. Бүгін емес. Балалардың құрағн шатыры мен ағаштың ортасында өрмекшінің торы бар. Соған қарап, олардың бүгін келмегенін көреміз.
3. Олар қайықпен келген. Ағашқа ескектерді сүйеп қойған.
4. Бар. Тауықтың жүргеніне қарағанда, жақын маңда ауылдың барын білеміз.
5. Жел оңтүстіктен соғып тұр. Шатырда жалауша бар. Оның бағытымен желдің қай жаққа соғып тұрғанын көреміз. Және де ағаштың бір жағы екінші жағынан ұзындау. Яғни, оңтүстік жағындағы талдары ұзын.
6. Таң. Алдыңғы жауапта оңтүстік пен солтүстікті ажыратқанбыз. Сол бойынша батыс пен шығысты да тауып, көлеңке бағытымен таң екенін аңғарамыз.
7. Ол көбелек қуып жүр. Шатырдан көрінбей қалған.
8. Коля. Бүгін Коля «К» деген әрпі бар сөмкесінен затын іздеп жатыр, ал Шура көбелек қуып жүр, Вася табиғатты суретке түсірумен әуре (себебі, «В» деген белгісі бар сөмкеден штативті көруге болады). Демек, бүгін Петя – кезекші. Яғни, кеше Коля кесте бойынша кезекшілік қызметін атқарған.
9. 8 тамыз. Жерде қарбыз жатыр, демек, қарбыз пісетін ай тамыз айы деп есептейік. Және бүгін Петяның кезекшілігі, яғни, кестеде көрсетілгендей бүгін – тамыздың сегізінші жұлдызы.
Cурет: marketium.ru, nn.by
Е. Жұмабайұлы