- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Сұлулық әлемді құтқармайды....
Сұлулық әлемді құтқармайды. Ойлау қателіктері
Барлық адамға қатысты күн тәртібінде бір сұрақ тұр. Ол – ойлау қателіктерін түзеуге бола ма? Біз өмірдің қай тұсында бағыттан жаңылып, адасып жүрміз. Сіздегі қателік пен біздегі қателіктің ұқсастығы неде? Адамдар қашан дұрыс ойлайтын болады? Жалпы, қоғам дұрыс өмір сүріп жатыр ма?
Адам өз қажеттілігіне байланысты өз ортасын жасауға қабілетті. Бұл салада оған көптеген, барлық дерлік күрделі аспаптар көмектеседі – жалба-жұлба алғашқы бабалардың таяғынан бастап, жылдап үйренуге тура келетін қиын механизмдерге дейін. Әйтсе де, компьютер мен көлік басқаруды үйрететін қаптаған білім ордалары бола тұра, ең басты құндылықты игеруге үйретпейді. Ол – ойлау. Білім ордаларының басым көпшілігі арнаулы бір салада ғана білім беріп немесе бір ғылым түріне қарасты ақпараттармен таныстырады. Сол себепті, ойлау құрылымы өз бетімен қалып, нәтижесінде әр адамның өзінің интеллектуалдық қабілетін жүзеге асыру жолы қарым-қабілетіне және әрқашан сәтті бола бермейтін тәлім-тәрбиесіне байланысты болады. Дей тұрып, бәрін шешуге жеткілікті ақпарлары бола тұра, ақымақ емес адамдардың қарапайым өмірлік көріністерге үйренісе алмай, және, тіпті де, өздері жасаған қылықтың болмысына бойлай алмай жататын кездері ұшырасады. Жай ғана түсінік, олардың беталыстары бастапқыдан дұрыс емес. Дәл осы әңгіме төңірегінде ой қозғамақпыз – әрқилы қиындықтарды шешуде дұрыс емес ортақ бастамалар, яғни ойлау жүйесінің қателіктері. Қиындықтарға құлаштап тұрып түсіндірме жасамасақ та, өмірде орын алатын қателіктердің біразын мысал ретінде келтіре кетпекпіз.
Қателік жолдары:
1. Қатып қалған түсінік – тіпті, қате бола тұра, жалғыз ғана дұрыс көзқарас деп есептелінетін сенім. Мысалы, «КСРО-ның кезіндегі тәртіпті айтсайшы» тіркесі КСРО-да да кемшіліктер болған дегенге аға буын өкілдерінің мүлдем сенгілері келмегендіктен айтылады.
2. Беделдің алдында бас ию («Ой, сіз білесіз бе, ғалымдардың айтуынша, тіс тазалау қиын екен!»). Нәтижесінде адам өзінше ойлаудан ада болмақ.
3. Өз-өзді әділетсіздік – өзіне керектіні бұрмалайтын қателік: жағымсыз түсініктерді (немесе жақсылықты жайдан-жай қабылдай салу) ары қарай ойлап, түп мәнін түсінбей әрекет қылу.
4. Уақытты есептей алмаушылық (артық оптимизнің арқасында).
5. Шалағайлық – мәтін құрау тұсында субьектінің жалғыз шындық деп ұйғару қабілеті. Мысалы, «барлық саясаткерлер оңбаған» және «міне, мен оған сенемін!» - қай сөзді айтып-айтпауы айтушының тікелей көңіл-күйіне байланысты.
6. Шырғалану – күн тәртібінде басқа сауалдың тұрғанына қарамастан, субьектінің сол бір сәтте, сол бір проблеманы шешу үшін еш қайран қыла алмаса да, қайта-қайта ойша орала беруі.
7. Қайшылық – субьектінің ұмтылыс жолындағы бір-біріне мүлдем кереғар тұстар. Екі ұмтылыс та бірдей әсер етпек – ол адамның психикалық энергиясының көбісін тартып алады.
8. Бағытсыздық – субьект екі маңызды нәрсенің қайсысы таңдарын білмей, сол сәтте көп уақытын жоғалтып жатады.
9. Жоғары немесе төмен көрсеткіштегі уайымшылдық – біреудің проблемасын жеке басқа шектен тыс қатты қабылдау (субьектке кедергі келтіреді) немесе, керісінше, сөйлесуге кедергі келтіретін эмоционалды тас кереңдік.
10. Кінәліні іздеу жолында. Қиындыққа тап болу арқылы субьект ішкі наразылығын бағыттайтын жанды іздейді, өз кезегінде сонысы үшін нерв энергиясын текке сарқады. (Әсіресе, егер кінәлі өзі болып жатқан жағдайда). Ең тиімдісі, мұндай жағдайда «кім кінәлі?» деп сұрақ қоймай, оның орнына «не үшін болды?» деп сұрақ қою қажет.
11. Өктем немесе тым төмен өз-өзін бағалаушылық.
12. Логика мен мағынаны жоққа шығаратын әдемі тіркестерге сенім (мысалы, «әлемді сұлулық пен юморлық көңіл-күй құтқарады»). Көбіне гуманитария саласына қатысты.
13. Эмоцияға бағынышты ойлар. Көбіне, дұрыс-бұрыстығына қарамастан, сенгің келген нәрсеге сену; қиындыққа артығымен оптимистік, немесе, керісінше, пессимистік көзқарас; бір істі тез шешуге ұмтылу немесе бойкүйездік; психологиялық тұрақтылықтың төмендігі; адам өз қалауы үшін деректерді жинауға тырысады (мысалы, кейде адамдар өз бәстерінің дұрыс емес екенін біле тұра жалғастыра бергісі келеді – жай ғана жол бергісі келмегендіктен және қателікті мойындамағандықтан).
14. Ойлаудың дискреттілігі – қиындықтың шешілу жолында барлық спектрлерді көрудің орнына, субьект бірнеше ғана нақтылы нұсқаларды қарастырады. (Көбіне «бар» мен «жоқтың» арасы). Шындығында шешілу жолы көп болады.
Мысалы, ішімдікпен күрес. Ең қарапайым жолы – алкогольдік сусындарды сатуға түптеп тыйым салу. Бірақ, мұның орнына....
Тағы бір мысал, демократты елдердегі басшылық сайлауы: өз бағдарламаларымен бірнеше кандидат таласқа түседі (әр топ өкілдерінің көздеген мақсатына орай бағдарлама жасайды). Солардың бірі тағайындалып, кейіндеу басшылықтан кетер болса, онда оның орнына келген адам ұжым құрамын толығымен ауыстырып тастайды. Бір сөзбен айтқанда, өз адамдарын алып барады. Бұл дегеніміз, уақыт пен мүддеге үлкен залал тимек. Алайда, осы бір жағдай қалыпты, үйреншікті саналып кеткен, себебі, көпшіліктің ойлау жүйесі бір арнада тоқайласады. (Басқару жүйесіне өз ұсынысым бар: мамандар іске көшудің қалыпты жүйесін ойластырады, нұсқау бойынша сайлау өтеді. Жобаны жекелеп іске асыратын адамдар таңдап алынады – міндетті шарттар бойынша: экономикалық білім және сәтті басқару тәжірибесі. Қысқа мерзімдік есеп беруден кейін жұмыстан алынып тасталса да болады).
Менің ойымша, дискретті ойлау – ойлаудың ең көп тараған және ең ауыр ауруы.
15. Оңайлату. Теріс бағалаушылыққа бір мысал: «Барлық ғалымдар – ақылды адамдар», - ортақ жағдайда алғанда бұл сөз дұрыс емес. Дұрысы былай айтылады: «Ғалым интеллектісінің орта деңгейі жұртшылықтың орта деңгейлі интеллектісінен жоғары».
16. Қарапайым түсінікке ұмтылу, асығыс қорытынды. Мысалы, баспасөз өкілдері америкалық оқушылардың өз жолдастарын өлтіргені туралы ақпар таратты делік. Анықталғандай, олар зорлық-зомбылықты дәріптейтін компьютер ойынын ойнаған немесе Мэрилин Мэнсонның әнін тыңдапты-мыс. Артынша шу көтеріледі: «Міне, өлімнің басты себебі осы!», кәмелетке толмаған балаларға мұндай ойындарды сатуға тыйым салу!» - дейді.
Ешкімнің де бұған дауласқысы келмейді. Әйтпесе, саналы адам ойын ойнап немесе ән тыңдап барып, біреуді өлтірмесі анық қой.
17. Ойлау пассивтілігі – тура қорытынды шығаруға көзқарасты соңына дейін алып бармау (мысалы, кей жағдайда адамдар естіп-білмеген пайымдаулармен келісе салмақ).
18. Ойлау тәртібінің төмендігі – аталған жағдайда субьект әр тараптан келген қажетсіз ойларға немесе сырты тітіркенулерге ойы бөлінеді, аңғарымпаздық тұрғысында қиындықтарға тап болады.
19. Түсініктің дүбаралығы. Мысалы, қолданыстағы «жарыс көлігі» мен «спорттық көлік» деген сөздер синоним ретінде түсінбеушілікке ұшыратады.
20. Ойлау көмескілігі – субьект (адам) дұрыс болмауы мүмкін түсініктің толық мағынасын түсініп алмай тұрып, жалғыз шығу жолы деп қарастырады.
21. Субьект үшін маңызды әрі пайдалы бола тұра, жаңа ілімді үйренуге деген қаламаушылық. Ойлау жүйесінің шектелуіне байланысты болуы мүмкін.
22. Бірнеше істің ара-жігін бекіте алмай, және сол қатарда, оларға ілесе алмау қабілетсіздігі.
23. Іс-әрекеттің ақырын (арты неге соғатынын) ұйғармау.
24. Құрдымға батушылық (өз-өзін), ақиқаттан алыстау.
25. Еркін ой азаттығы – ойлаудың аспани сипатқа бөлінуі: ол қоғам, үй-ортаның тәлім-тәрбиесіне байланысты емес, жоғарыдан берілетін айырмалану.
Оның түп мәнінде жатуы мүмкін жағдаяттар, адам өзі қабылдаған іс-әрекетке түсінік бере алмайды (Адам миының құрылымына байланысты. Байқап көріңіз, мәселен, символдарды тани алатын нейрожүйенің бұның бәрін қалай жасайтынын түсініп көріңіз. «Неге жаман адамдар болады?» (ойдың туабітті үстірттігінен) деген сұраққа өздігінен жауап келеді: «Өйткені, олар жақсы болғылары келмейді»).
Аталған көзқарастың тағы бір көрінісі – адамның өз-өзіне абсолютті билік ете алатындығына сенімділігі: қаласаңыз болғаны, онда сіз керек бағытта өзгеріп, бүкіл жаман әдеттерді тастайтын аласыз.
26. Ойлау лоигасындағы дөрекілік (тағы бір кең таралған проблема). Үлкен тақырып болғанына қарамастан, бірнеше мысалмен келтіре кетсек дейміз: «Сіз білесіз бе, халықтық ем-домның әртүрлі ауруларға қалай көмектесетінін? Міне, соны Жалғас пайдаланып, ақырында жазылып кетті!» немесе:
"– Сіз неліктен бұлай деп ойлайсыз?
– Енді бұл бәріне бірдей белгілі нәрсе ғой!"
Айта отырсақ, ойлау қателіктерін айыру қиынға соғады – олар бір-бірімен көп жағдайда тоғысып жатпақ.
Жалғыз ғана сұрақ – осы бір қателіктерден арылуға бола ма, болса, қандай жолмен? Егер сіз өз ерік-қалауыңызға сенбейтін болсаңыз, түсінікті түрде айтқымыз келетіні, өзгере алмайсыз. Бірінші кезекте, ол үшін сыртқы көрініс қатты әсер етуі тиіс.
Бұл дегеніміз, ойлау қателігімен жұмыс жасау еш нәтиже бермейді деген сөз емес. Бір нәрсені қаперге алу керек, анық бір жағдайда көпшілік адамдар жоғарыда тізген қателіктердің бірін әбден жасай алады. Барлық адамдар еш қиындықсыз жасай алмақ (мәселен, қатты шаршағандықтан). Екіншіден, қателіктер адам бойында туабітті болмайды, үйден жұғысты болмақ. Мысалы, кішкентай бала әртүрлі сенімдерге сенетін отбасында өсіп, бала кезден жын-шайтан деген нәрселерге сенді делік. Ал егер табиғаты мистикаға жақын болмаса, онда жарқын ойлайтын ортаға еніп, арылып кете алады.
Ойлауды дұрыстауға бағытталған бірнеше долбармен бөліскім келеді.
Ең бірінші кезекте түсінетініміз, өз-өзін тәрбиелеу – мейлінше қиын процесс (өз-өзіңді шашыңнан сүйреуді еске түсіреді). Ал ендеше, назарда болатын ең бастысы - ғажайып ешқашан орын алмайды. Сабырға иек артып, өзіңмен жұмыс жасай отырып, тез жетістікке жетем деп ойлау ағаттық. Тез өзгеріс, меніңше, үлкен есеңгіреуден кейін орын алмақ. Көп жағдайда кемелділікке жету жолында табанды еңбекке қана арқа сүйеген дұрыс.
Екінші маңызды тұс – бізді өзгертетін қандай сәттер болуы мүмкін. Біріншіден, біздің қылығымыз бен іс-әрекетіміз, қимылымызға жауап беретін сана-сезіміміз (олар уақыт келе неге өзгереді екен) және екіншіден, бізге жақсы әсер ететін қоршаған орта (қалада шабыт келмей жүрсе, онда теңізге ме, басқа жаққа кетіңіз).
Сөз соңында, проблеманың бар екенін елеп-ескермей, оның маңыздылығын түсіну шарт.
Автор: Фараби Арыстанбек
суреттер:lifeglobe.net; vuspehe.org; www.alshar.ru; slovovolyni.com
Л. Лига