- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Сөз шебері болыңыз...
Сөз шебері болыңыз
Сөз өнері – ең сұранысқа ие өнер. Басқа таланттың барлығы орынды сөйлеу арқылы жарыққа шығады. Уинстон Черчилль сөз сөйлеу шеберлігімен өзін мойындатқан болатын. Оның қолданған әдісін бүгінде түрлі авторлар жарыққа шығарған кітаптардын оқып білеміз. Сіздерге Черчилльдің кеңестерін ұсынамыз:
Сөз сөйлеу шеберлігінің артықшылығына баға беру мүмкін емес.
Кейбір кәсіби салада сөз шеберлігінсіз ісіңіз алға баспайды. Журналистер, маретологтар, психолог пен саясаткерлер үшін олардың тыңдау аймағы өте маңызды. Ал, олардың назарын аудару үшін тіліңізден бал тамуы керек.
Сөзді орнымен қолдану да маңызды. Мысалға, кітаптан бас алмайтын оқымысты адам өз білетінін жеткізе алмаса, оны сөйлеу арқылы тыңдаушыны өзіне баурап алатын адам басып озады. Кез келген өндіріс саласына тұтынушыны сеніміне кіре алатын жұмысшы керек. Тіпті, отбасыны сақтайтын да – орынды сөз.
Шебер сөйлей алу – өнер.
Әрине, мыңдаған адамды бір сөзбен өзіңізге қарата алмассыз. Бірақ, сөз өнері арқылы мақсатыңызға бір табан жақындау түсесіз.
Сіздің басты қаруыңыз – шынайылық.
Уинстон Черчилль:«Егер сөйлеуші халықтың наразылығын тудыруды мақсат тұтса, оның жүрегі ашу мен ызаға толы болуы тиіс. Егер бұқараны тебірентуді ойласа, ол жылауы керек. Халықты сендіру үшін, алдымен, ол өзіне сенуі тиіс»
Ойыңызды бір арнаға шоғырландырыңыз.
Уинстон Черчилль:« Бір уақытта бірнеше сұрақ тудыратын әңгімені бастамаңыз. Өйткені, ол ойды қорыту әркімнің қолынан келе бермейді»
Еркін сөйлеңіз.
Тұрақты сөз тіркестері, нақыл сөздер мен терминдерден алыс жүріңіз. Оларды тек белгілі бір ортада қолданыңыз. Егер тыңдаушының назарын аудартқыңыз келсе, жеңіл тілде сөйлеңіз әрі әзілдеуді ұмытпаңыз.
Сөз өнері – тұнып тұрған ғылым.
Сөз өнерін меңгеруге де уақыт пен еңбек керек:
• Дикция және дауыстың тембрі: дауысы жай, бір ырғақпен сөйлейтін адамның тыңдаушысыда аз болады.
• Ымдау және қимыл-әрекет: қолыңызды сермеңіз, қасыңызды қимылдатыңыз. Есесіне, тыңдаушы сіздің не айтқыңыз келгенін бейнеңізге қарап ұғады.
• Бұқарамен байланыс: тыңдаушыға сұрақ қойыңыз, жауап алыңыз. Барлығы диалог форматында жүзеге ассын.
• Қоршаған ортаның атмоферасы: бөлме дизайны, табиғат аясы барлығы тыңдаушыға әсер етеінін ұмытпаңыз.
• Егер сөйлегенді ұнатпасаңыз, сіз «бақылаушы» адамдардың қатарына жатасыз.
Ұлылардан үйреніңіз.
Әркез бұқара алдында сөз сөлейтін адамдарға қараңыз, олардың сөйлеу шеберлігіне назар аударыңыз. Фильмдерді қараңыз әрі кітап оқыңыз. Естен шығармаңыз: «Айтылған сөз – атылған оқпен тең». Қаруды басқарып білмесеңіз, абайсызда өзіңізді жаралауыңыз мүмкін.
Т. Есқали