Оксфорд Университетінің экономисі Макс Розер дәл осындай түйінге келіп отыр. Ғалым қоғамның белгілі бір уақыт кезеңінде өзгеруін зерттеумен айналысып келеді. Ал нәтижелері мен өз тұжырымдарын Our World in Data сайтына жариялайды екен.
Адамның орташа өмір сүру жасы - 75 жас. Басқаша айтқанда, бұл 3900 апта, 27 мың күн немесе 648 мың сағат. Өміріміздің үштен бір бөлігін ұйқыда өткіземіз. Және бұл көрсеткіш ғасырлар бойы өзгерген емес. Розердің айтуынша, адамдардың қалған үштен екі бөлігінде немен айналысатыны заман өте үнемі өзгеріске түсіп отырған.
Сонымен адамның қалауында бір аптаның 168 сағаты бар. Оны 56-сы ұйқымен кетеді. Демек өзге жұмыстары үшін оның 112 сағаты қалады. Адамдар осыдан 150 жыл бұрын көрсетілген 112 сағаттың 70-ін жұмыста өткізген. Технологияның дамуы мен өндірістің артуы апталық жұмыс уақытының 30 сағатқа азаюына әкеліп соққан. Нақтырақ айтсақ, бүгінде көптеген елдерде стандартты жұмыс уақыты 40 сағаттан әрі аспайды.
Демек XXI ғасыр адамдарының бос уақыты көбейе түскен. Соңғы он жылдың көлемінде адам баласы бос уақытын неге жұмсап жүр? Расында, Жер тұрғындарының көп бөлігі бос уақытын теледидар алдында өткізеді екен. Розердің статистикасы бойынша, орта жастағы азамат телебағдарлама, кино және сериал көруге күніне төрт сағат, ал аптасына 28 сағат жұмсайды. Теледидардың алдында көбірек отыруға әсіресе америкалықтар бейім. Ал екінші орын жапондар мен италиялықтардың еншісінде.
Айта кетсек, осыған дейін британдық ғалымдардың зерттеуі мектеп оқушыларының 65%-ы оқуға барар алдында теледидар көретіндерін, ал 83%-ы оқудан келгеннен кейін көгілдір экранды қайта қосатындарын көрсетеді. Ал жартысынан көбі кешкі ас кезінде теледидар көрсе, 68%-ы теледидар қарап жатып ұйқыға кетеді екен. Орташа есеппен мектеп жасындағы балалар күніне 2,6 сағат уақытын теледидар қарауға жұмсаса, әрбір оныншысы күніне төрт сағаттан артық бағдарламалар тамашалайды екен.
Сурет: dengodel.com
Оқи отырыңыз:
Таяу шығыста табылған көне қоныс хеттердің мекені болуы мүмкін
Туристерге арналған ғарыш кемесі құрастырылды
Америка құрлығы қалай ашылды?
Қолда еритін галлий металы туралы не білесіз?
Рашмор тауында неге президенттер бейнеленген?