Іскерлік: адамдармен сөйлесу өнері

Іскерлік: адамдармен сөйлесу өнері

Белгілі психолог Джеймс Борг өзінің "Сендірудің жолы. Адамдарға әсер етудің өнері" атты кітабында сіз сөйлесер адамның түрлерін атап көрсетеді. Және әрқайсысына орайын таба отырып қолданылатын тәсілдер бар екенін айтады.

"Ол тағы не? Жылдам!"

Жаңа мүмкіндіктерді уыстан шығарып алмаңыз. Бұл әңгімелесушіңіз өзін таңғалдырған кез келген адамға мүмкіндік бере алады. Бірақ, патша сарайында күтіп алады деп ойламаңыз... Ол үшін уақыт -ақша.

Негізінен сағатқа қарай отырып, ол жылдам сөйлеп әрі сізді тез зерттеп алғысы келеді. Мұндай адамның алдында сол сәтті уыста ұстап тұру тиімді. Сондықтан ешбір жағдайда әңгімелесу барысында басымдылықты өз қолыңызға алмауға тырысыңыз.

Сөйлесу жолы

Назарға алыңыз: сізді кездесуге шақыра отырып, ол жағымды финалға алдын ала дайын болып отырады. Сол үшін де бірден әңгімеге көшіңіз. Әңгімені ашығынан, анық әрі іс бойынша айтыңыз. Артық кеткен сөздер оның сізге деген көзқарасын өзгертіп жіберуі мүмкін. Егер өзіңізді ойдағыдай ұстай алатын болсаңыз, онда нағыз "қазынаның" үстінен түстім дей беріңіз. Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!

"Ал маған одан не пайда?"

Бұл топтың адамдары кез келген ұсынысты қағаз түрінде көргісі келеді. Көбіне хатшылары арқылы байланыс ұстағанды артық көрмейді. Ал кездесуге мейірімділіктен аса алмағандықтан лаждың жоғынан көнеді. Арадағы диалогта өзіңізді тергеп-тексеріп, әр сөзіңізге шам алып жүгіріп отырады:"Сіз қателісіп тұрсыз. Бәрі сіз ойлағандай асып бара жатқан жоқ. Мен істің анық-қанығын білемін". Бұл деген жай ғана өзіне тиімді жақты ойлап отырған адамның сөздері. Шындығында сұхбаттасушы адамыңыз көп нәрсені біле бермеуі мүмкін. Аздап қана өз пікіріне еріп отырған болуы керек. Алайда, әшкерелеп жатудың түкке қажеті жоқ. 

Сөйлесу жолы

Сізден жоғары шығып отыру арқылы өз артықшылығын көрсетуге тырысады. Салмақтың теңесуін қадағалаңыз. Қасыңызға келіп отыруын өтініңіз. Болмай бара жатса, аса қажет екенін айтыңыз. Кез келген себеп бола береді: арқаңыз ауырып отыруы мүмкін, сізге ток керек, ноутбуктың шнуры қысқа, т.б.с.с. Қарқынды болып, қарсыласыңыздың шабуылын пайдаңызға жаратыңыз.

"Тіл тапқыштық және қазымырлық"

Мінез-құлық ерекшелігі: тез ойлап әрі тез жауап береді. Егер әңгімеге дайын болса, онда сіз туралы, іскерлікке байланысты бүкіл ақпарды біліп алғаны. Сондықтан кездеспес бұрын бәрін тәптіштеп алыңыз. Егер сізге 30 минут уақыт бөле алам десе, онда жарты сағаттан кейін сізді тыңдауды қояды деген сөз. Соңғы шешімді қабылдамай тұрып тағы бір ойланып алуыңызды сұрайды және үшінші жақтың куәлігін күтеді. Ол үшін тағы да бірнеше кездесу қажет болады. Сондықтан, қай жағдайда болмасын төзімді болыңыз.

Сөйлесу жолы

Оның айнасы болуға тырысыңыз: орта деммен асықпай, тек іс жайында сөйлесіңіз. Әр қойған сұрағына қысқа да нұсқа қылып жауап беруге тырысыңыз. Еш жағдайда сөзін бөлмеңіз және кездесуге кешігіп бармаңыз. Кездесуден кейін қағаз мәтініне міндетті түрде назар аударыңыз.

"Одан гөрі бәрін жеке шешейік"

Сізді телефоннан мұқият тыңдап және кездесуді күн тәртібіне енгізеді. Сіз барған бетте оның қуанышы арта түседі: ол ресмилікті сыртқары тастап, отырған бетте өзіңіз туралы сұрай бастайды. Белсенді түрде қимыл-қозғалысқа ерік бере отырып, керемет аураны қалыптастыруға тырысады. Егер осы топтың адамына сіздің ұсынысыңыз сөзсіз ұнап тұрса, онда әңгіменің ашығына кірісіп, бірден келісер-келіспесін айтады.

Сөйлесу жолы

Мұндай адаммен сөйлесу еркін әрі жағымды әсер қалдырмақ. Сондықтан сол адамыңыз секілді ашық әрі шыншыл болуға тырысыңыз. Оның сізге деген сенімі мен ілтипатын басқаша түсініп қалмаңыз.

сурет:hacklive.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига