Интернет қолданушылары жаһандық ақпараттандыру арқасында посткеңестік дәуірдегі Орталық Азия ақындарының философиялық толғанысын оқып, ішкі сезімі мен әсерленуін түсініп, биікке ұмтылады.
Кітап алғысөзінде атақты прозашы, аудармашы Роллан Сейсембаев мынадай мазмұндағы ой-пікірін жазды: «Шығыстың шайырлары бір өзі математик, астроном, географ, тарихшы болған. Немістің ұлы ақыны Гете бар шабытын Шығыстан жиып алды. Ғалым Мұтановтың поэзиясы биік ізгілігімен ерекшеленеді, шығармашылығында ауызша және жазбаша тілмен қатар инженерия да бір арнада үйлесіп жатыр...».
Оған украиналық атақты публицист Сергей Дзюба да оң бағасын берген. Қазақтың философ ақынының шығармаларынан Отанға, кең байтақ далаға деген сүйіспеншілігі көрініп тұрады.
Ғ.Мұтанов «Shining Light» кітабын лондондық Glagoslav Publications ағылшын-голландиялық тәуелсіз баспадан шығарды, бұл баспа бүкіл әлем авторларының көркем әдеби, ғылыми-көпшілік әдебиеттерін ағылшын және голланд тіліне тәржіма жасауға маманданған. Мұнда шығармашылық шебері, ғұлама Сергей Капица, Виктор Ерофеев, Алесь Адамович, тағы басқаларының шығармалары басып шығарылған.
Бұрын да Ғ.М.Мұтановтың өлеңдер жинағы Түркиядан, Әзірбайжаннан, Ресейден сәтті шығарылды. Парсы тіліне жақсы аударылған өлеңдері Канадада, украиналық журналда талқыланды.
Гүнар Мұқанова,
ҚазҰУ доценті, т.ғ.д.