Шығыс Еуропа аумағындағы ең үлкен метеорит Польшадағы Познань қаласынан қашық емес аймақтағы Morasko Meteorite Nature атты жерден поляк ғалымдарының көмегімен табылды. Метеорит салмағы 300 килограмм, ал ені 60 сантиметр.
Метеорит 2,2 м тереңдіктен детектор арқылы табылды. Ғалымдардың сөзі бойынша, негізі темірден тұратын объект 5 мың жыл бұрын Жерге құлап түскен екен. Сондай-ақ оның құрамында никельдің де көп мөлшері бар болып шықты.
Осыған дейінгі Польшадағы ең үлкен метеорит Morasko қорығынан 2006 жылы табылған еді. Оның салмағы жаңа метеориттен екі еседей кіші болған еді (164 кг).
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: zhelezyaka.ru