Шығыс Еуропа аумағындағы ең үлкен метеорит табылды

Шығыс Еуропа аумағындағы ең үлкен метеорит табылды

Шығыс Еуропа аумағындағы ең үлкен метеорит Польшадағы Познань қаласынан қашық емес аймақтағы Morasko Meteorite Nature атты жерден поляк ғалымдарының көмегімен табылды. Метеорит салмағы 300 килограмм, ал ені 60 сантиметр.  

444444444444444444444

Метеорит 2,2 м тереңдіктен детектор арқылы табылды. Ғалымдардың сөзі бойынша, негізі темірден тұратын объект 5 мың жыл бұрын Жерге құлап түскен екен. Сондай-ақ оның құрамында никельдің де көп мөлшері бар болып шықты.

99999 

Осыған дейінгі Польшадағы ең үлкен метеорит Morasko қорығынан 2006 жылы табылған еді. Оның салмағы жаңа метеориттен екі еседей кіші болған еді (164 кг).  

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.ru


Б. Қосмағамбет