Астана уақытымен сағат 04.09-да Шолпан (Венера) ғаламшары Күн табағына келіп килікті (өз жолын 10.49-да аяқтайды). Қазіргі кезде осынау жиі қайталанбайтын құбылысты Шығыс Азияның, Тынық мұхитының, солтүстік елдерінің жұртшылығы тамашалай алады. Себебі, Күн сол жақ көкжиекте. Сонымен қатар NASA сайтынан көруге мүмкіндік бар.
Соңғы рет бұл құбылыс 2004 жылдың маусымында орын алған еді. Ал одан бұрынғысы - 1761 жылдың 6 маусымында тіркелген. Бір қызығы, сол кездегі құбылысты кім тамашалағанын білесіздер ме? Аңыз адам - Михаил Ломоносов. Араға ұзақ уақыт салып қайталанатын құбылысқа таң-тамаша болып отырып данышпан-ғалым қолындағы деректерімен Шолпан ғаламшарының құпия болып келген сырларын ашқан... Ендігі транзит 2117 жылдың 11 желтоқсанында қайталанбақ.
Тағы да бір айта кетерлігі, Шолпан жұлдызының қимылы 2006-2008 жылдар аралығында бақыланған болатын. Сол кездегі мәліметтерге сүйенсек, Күн жүйесіндегі екінші ғаламшардың жүрісі (Шолпан ғаламшары) бұрынғыдан да баяулай түскен еді. Ғалымдар сол уақытта ғаламшардың шабандауының негізгі себебі оның қартаюынан деп тұжырымдаған-ды.
writeFlash({"src":"https://www.youtube-nocookie.com/v/5DeCNoRW_Cw?version=3&hl=ru_RU","width":"450","height":"256"});