Шетелге барып демалуға көбінің қалтасы жұқа екені хақ. Бір адамның өзіне жол, қонақүй, тамақ т.б. шығындар жетерлік. Біреу болса, жалғыз саяхаттауға жүрексінеді. Ал кейбіреулер шет тілін меңгермегендіктен, баруды жөн көрмейді. Егер шын ниетпен саяхаттауды армандасаңыз ешнарсе кедергі бола алмайды. Тілді де жылдам меңгеруге серпін таба аласыз. Тіпті ағылшын тілін білмей шетелге шығып, күн көруге болады. Төмендегі сөз тіркестерін қолдану арқылы шетелде жүргенде кез келген түсініспеушіліктен шыға аласыз.
1. Hello/Good bye - Сәлем/сау болыңыз
2. Good morning!/Good afternoon!/Good evening! – Қайырлы таң!/Қайырлы күн!/Қайырлы кеш!
3. Please/Thank you - Өтінемін/Рақмет
4. Sorry – Кешірім өтінемін
5. I don't understand - Түсінбедім
6. Please speak more slowly – Өтініш, шамалы баяу сөйлесеңіз
7. Could you repeat that? – Сөзіңізді қайталап жібере аласыз ба?
8. What is your name? – Сіздің есіміңіз кім?
9. My name is ... – Менің атым ...
10. Nice to meet you! – Танысқаныма қуаныштымын!
11. How are you doing? – Жағдайыңыз қалай?
12. Can you help me? – Сіз маған көмектесе аласыз ба?
13. Let's go to (movie, theatre) ... – (Кино, театр) бірге барсақ ...
14. I'm looking for ... – Мен ... іздем жатырмын
15. Where is . . . the bathroom, restaurant, museum, hotel, beach, embassy? – Дәретхана, мейрамхана, мұражай, қонақ үй, жағажай, елшілік ... қайда?
16. How do I get to ..? – ... қалай жетсем болады?
17. How do you say this? – Мына зат қалай аталады? (затқа нұсқау арқылы)
18. How much is this? – Мынау қанша тұрады?
19. Can I ask you a question? – Сұрақ қойсам бола ма?
20. I am from . . . . – Мен ... (Қай елден келгенін айту үшін)
21. Can you help me practice English? – Ағылшын тілін тәжірибе жүзінде дамытуға көмектесе аласыз ба?
22. Could you write it down on paper? – Осыны қағазға жазып бере аласыз ба?
23. What does this word mean? – Мына сөздің мағынасы қандай?
24. I am hungry – Менің қарным ашты
25. I am thirsty – Мен шөлдедім
26. I am cold – Мен тоңып қалдым
27. I am feeling sick – Менің денсаулығым нашар болып тұр
28. How do you use this word? – Мына сөзді қалай дұрыс қолдануға болады?
29. Did I say it correctly? – Мен мұны дұрыс айттым ба?
30. What time is it? – Сағат қанша болды?
31. This food is amazing! – Мына тағам тамаша екен!
32. I need to go now – Мен кетуім керек
33. Today, yesterday and tomorrow – Бүгін, кеше және ертең
34. Can you give me an example? – Маған мысал келтіре аласыз ба?
35. Please wait a moment. – Сәл күте тұрыңыз, өтініш
36. Excuse me! – Кешірім өтінемін (біреудің назарын аударту үшін)
37. I'm sorry to bother you – Сізді мазалағаныма кешіріңіз
38. Does anybody here speak Kazakh? – Мұнда біреу қазақша сөйлей ала ма?
39. I don't speak English very well – Мен ағылшынша өте нашар сөйлеймін
40. I speak English a little bit – Мен ағылшынша аздап білемін
41. I need an interpreter – Маған аудармашы керек
42. Where can I buy ...? – ... қайдан сатып алсам болады?
43. That's (too) expensive – Бұл (тым) қымбат
44. I'll take one / it / this. – Мен мынаны аламын
45. I like this. – Маған мынау ұнады
46. I don't like that – Маған мынау ұнамады
47. Can I pay by credit-card? – Пластикалық картамен төлесем бола ма?
48. Can I exchange this? – Мынаны ауыстыруға бола ма?
49. That's all, thanks – Осымен болды, рақмет
50. Excuse me, where can I get a taxi? – Кешіріңіз, таксиді қайдан шақырсам болады?
Жалғасы бар ...