- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Шетелде білім алудың...
Шетелде білім алудың жолдары
Бүгінде кез келген адам шетелде тағылымдамадан өтіп, қысқа немесе ұзақ мерзімді білім алып, жұмыс істей алады. Ол үшін шет тілі білімі мен ниет болса жеткілікті. Әрине, тілді жақсырақ меңгерген адамның шетелде қалаған ісімен айналыса алуға мүмкіндігі жоғары екені сөзсіз.
Егер сізді шетелде тағылымдамадан өту мен білім алу қызықтырса, ең алдымен «Болашақ» бағдарламасына назар аударыңыз. Бұл бағдарлама жыл сайын қазақстандық жастардың білім алуы үшін әлемнің ең үздік оқу орындарына жіберіп жатыр. Егер оған қабылдану қиын деп ойласаңыз немесе өз бетіңізше оқуды қаласаңыз, шетелдік елшіліктердің, мәдени орталықтардың және білім қорларының ресми сайттарын жиі бақылап тұрыңыз.
Мысалы, Француз Альянсы мен Алматыдағы Гете Институты. Гранттар, семинарлар сондай-ақ, стипендиялар жайлы өзекті ақпараттардан бөлек, мұнда қызықты іс-шаралар жайлы ақпарат жарияланып тұрады.
Қазақстандық студенттер мен ЖОО түлектері шетелде білім алу бағдарламаларына қатыса алады. Еуразия мен Орталық Азияда Халықаралық студент алмасу бағдарламасынан (Global UGRAD) да хабардар болыңыз. Бұл АҚШ елінің мемлекеттік департаментіндегі білім және мәдени бағдарлама бөлімінің бағдарламасы. Ол жоғары оқу орындарының 1, 2, 3, 4, курстарында күндізгі бөлімде оқитын студентерге арналған.
Бағдарлама тек Қазақстандық студенттеге ғана емес, сонымен қатар, Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Түркменстан, Украина, Өзбекстан елдеріндегі студенттерге АҚШ елінде 1 академиялық жыл білім алуға мүмкіндік береді.
Немесе DAAD. Бұл академиялық ауысымның германиялық қызметі. Оған волонтерлерге арналған жобалардың біріне қатысуға болады. AIESEC өз кезегінде өзге елдердегі тіршілікпен танысқысы келетін қалаушыларды жиі жинайды. Өзіңді Work & Travel бағдарламасының қатысушы ретінде көруге де болады. Work & Travel бағдарламасының мүшелері АҚШ елінде қызмет көрсету саласында еңбек етеді.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: mgubs.ru
Ж. FM