Шет тілін үйренуге арналған телеграм каналдары

Шет тілін үйренуге арналған телеграм каналдары
Фото: http://bilim-all.kz

Сленг, ереже, кестелер, фильмдер мен кітаптардың тізімі... барлығын табуға болады.

Грамматиканы қайталап, сөздік қорын көбейтіп, тесттер арқылы білімді бекіту — шет тілін үйренгісі келетіндер үшін керемет көмекші болмақ. Бүгін біз сіздер үшін ағылшын, неміс, испан, тіпті жапон тілін үйренуге көмектесетін пайдалы каналдар мен боттардың тізімін жасадық.

Ағылшын тілі

1. @eng_less — тілді алғаш үйренушілерге арналған сабақтар мен ережелер.

2. Englishforlife (@englesson) — бұл канал тілашарға ұқсайды. Мұнда тілді жақсы білмейтін, бірақ саяхат кезінде ағылшын тілін қолданып, адамдармен тілдескісі  келетін саяхатшыларға пайдалы сөйлемдерді табуға болады.

3. EnglishRadio (@english_radio— мұнда лексика, етістіктер, ағылшын тілі туралы қызықты мәліметтер мен ескертулер бар.

4. @wow_english — күнделікті өмірге арналған, кездесу кезінде қолдануға болатын таңдаулы сөйлемдер тізімінен бастап, полицеймен байланысып қалған кезде сізді құтқарып алатын лексикаға дейін бар. Бұл жерде іскерлікті қалай жүргізуге болады, қошеметті қалай білдіру керек және әңгімелесу кезінде не айтуға болатыны жазылған.

5. English of the Day (@EnglishOftheDay) — қолдану мысалдарымен бірге берілген күнделікті сөйлемдер мен тұрақты сөз тіркестері. Каналдың өзі – толық ағылшын тілінде. Сондықтан бұл арнаға тілдің негізгі деңгейін меңгергендер тіркеле алады. 

6. SlangBang! @slangbang — арнаның мазмұны атауына сәйкес келеді. Автор мұнда оқулықтарда кездесе бермейтін сленг-сөйлемдер туралы айтады.

7. @movieslang — керемет графикалық бейнелермен берілген фильмдер мен телехикаялардағы ерекше сөздер мен сөйлемдер.

8. Hot Chicks (@letmespeakfrommyheart— бұл қанатты сөздерді көбірек жаттағысы (және сөйлеу мәнерін білгісі )келетіндерге арналған. Мысалы, «Сәттілік серік болсын» деген тілек,   «break a leg» болады. Оған жауап ретінде «thank you» деп айту керек.

9. @differentenglish — арнаны ағылшын тілінің мұғалімі жүргізеді. Ол күрделі грамматиканы кітаптардан, телехикаялар мен ағылшын тілді баспасөзден мысал келтіре отырып түсіндіреді. Канал оқулықтағы ағылшын тілі мен ағылшын тілінде сөйлейтін адамдардың тілінің арасындағы айырмашылықты түсінгісі келетіндерге арналған. Әрине, бұл каналға тілді жақсы меңгергендердің жазылған дұрыс.

10. @plasticine_english — тілдің құрылымын түсіндіріп, күнделікті ағылшын тілінде сөйлеу үшін не істеуге болатынын түсіндіретін посттар жазылған.

11. @one_story — мәтіндерді ағылшын тілінде оқығысы келетіндерге арналған телеграм каналы. Мұнда Марк Твеннің, Джеймс Джойстың әңгімелерін, тіпті Антон Чеховтың ағылшын тіліне аударылған шығармаларын оқи аласыздар.  Мәтіннің бәрі жазба түрінде құрылған. Ал посттардың өзі  - оқуға қанша уақыт керек екенін түсіндіретін қысқаша сипттаулардан, сілтемелер мен ақпараттардан тұрады.


Неміс тілі

12. @de_lernen — канал авторы өзі үйретіп, тәжірибесімен бөліседі. Неміс тілінің ерекшеліктерін, ерекше септіктер, сөздің кері реті, зат есім, орысша нұсқасымен сәйкес келмейтін сөйлемдер және басқа да көптеген пайдалы мәліметтер туралы айтады. 

13. @stylishgerman — каналды неміс тілінде сөйлейтін оқытушы жүргізеді. Бұл тілді алғаш үйренушілер үшін де, тілді жақсы білетіндер үшін да пайдалы. Көптеген сөйлемдер, ережелер жазылған кестелер мен суреттер – мұның бәрі тілді тез меңгеру үшін немесе тілді жетілдіру үшін керек. 

14.  @nemand — мұнда пайдалы лексика, Германия қалалары туралы мәтіндер мен жазбалар және қысқа аудиожазбалармен берілген мысалдар бар.

15. In_germanland (@germanland неміс тілінің кәсіби аудармашысының жазбалары жазылған канал. Бәрі тілдің нәзік иірімдері, неміс ділі және  Германияның  тарихы туралы.

16. (@nichtnurdeutsch—оқытушы неміс тілін ғана емес, басқа тілдерді де тез үйренуге көмектесетін кеңестерімен бөліседі.  

17. LearningGermanBot (@learninggermanbot) – неміс тілін үйренуге арналған бот. Грамматиканы бекітіп, лексиканы қайталауға көмектеседі.


Испан тілі

18. Español (@espnnl) — тілді алғаш үйренушілерге арналған сабақтар мен диалогтары бар канал. Автор ережелерді мұқият түсіндіріп, лексика бойынша керемет тақырыптық тапсырмалар ұсынады.

19. Todobien! @spanishblog — тіл тарихы туралы. Арна авторы Юлия Вершинина Колумбияда (испан тілі – ресми тіл) тұрған. Ол өзінің лингвистикалық бақылауларымен, қызықты мақалаларымен бөлісіп қана қоймай, испан, италия және португал тілдерін бір-бірімен салыстырады.

20. @miespanol — транскрипциямен берілген ауызекі сөйлемдер және алғаш үйренушілерге арналған ең қарапайым, бірақ ең пайдалы лексика. 

21. Study Spanish Bot (@StudySpanishBot) — испан лексикасын үйренуге арналған бот. Бот жіберетін сөздің түрін, аудару бағытын және тапсырмасы бар хабарламаларды таңдау керек.

22. Español Adentro (@espanoladentro) — тілді үйреніп жүргендеріне біраз уақыт болғандарға арналған. Мұнда грамматика туралы посттар жоқтың қасы. Оның орнына – испандықтардың мәдениеті мен дәстүрлері туралы ақпараттар көп.

23. ¡RadiHola! (@radihola— етістіктерді жіктеу, тұрақты сөз тіркестері және сөздің айтылуын жаттықтыру.

24. Aprenderespañol — LearnSpanish (@aprenderespanol— испан тілі туралы ағылшын тіліндегі арна. Сондықтан, екі тілді қатар үйрене беруге де болады. Автор ережелер жазылған пайдалы карточкалар мен тақырып бойынша лексикаларды салып отырады.

25. TutorLingua — Spanish (@TutorLingua— студенттер мен оқытушыларға арналған испан тілі туралы арна. Тіл меңгерудің орта деңгейіне жеткендерге арналған.


Француз тілі

26. @fransaise —телеграмдағы француз тілі туралы аз арналардың бірі. Автор ережелер туралы посттарын жариялап, дыбыстарды қалай шығару керегін түсіндіреді.  

27. F-wrench (@francais) — ағылшын және француз тілінде қатар жүретін арна. Автордың өзі тілді үйренгеніне көп уақыт болмаса да, өз жаңалықтарымен және жеткен табыстарымен бөліседі.

28. Jʼaimele français (@jaimelefrancais— оқулықтар мен кітаптарға пайдалы сілтеме («Кішкентай Ханзаданы» түпнұсқада оқуға болады), француз тіліндегі керемет фильмдердің жинағы және қызықты лексика.

29. @franceforme — француз тілі туралы қызықты мәліметтер мен маңызды лексика жазылған түрлі суреттер.


Италия тілі

30. @miaitalia — италия тілінің оқытушысы тіл үйрену туралы кеңестерімен бөлісетін шағын арна.


Жапон тілі

31. @love_japan — Жапонияны жақсы көретіндерге арналған арна. Бұл тілді үйренуді енді ғана қолға алып, тастап кетуден қорқып жүрген жандарға арналған.

32. @jap_rusteach — жапон тіліндегі әңгімелер және аниме жанрындағы суреттермен толықтырылған үйретуші бейнелер.

33. @daigaku — жапон иероглифтерінің мәні туралы посттар мен аудармасы бар лексика.


Қытай тілі

34. @chinarydom — диалогтармен жазылған қытай тілін үйретуші. Посттар тегтер бойынша сабақтарға бөлінген. Әр сабақта 10 иероглифтен беріледі. Тақырып бойынша дыбысталу ережелері мен сөздерді жеке қарауға болады.

35. @videochina — тіл үйрету туралы еңбек жазған авторлардың қосымша арнасы. Посттарда тіл грамматикасы туралы жан-жақты айтылған.

P.S: Каналдың көбі орыс тілінде.

Біздің Массагет сайтының телеграмдағы каналына жазылыңыз: @massaget_kz

bilim-all.kz

@. @assel_assanova