Көптеген ата-ана балаларының бірнеше айдан бері курстарға барып жүргеніне қармастан, ағылшын тілінде әлі сөйлей алмайтынына шағымданады. «Оқып жатыр, бірақ, байқалмайды». Неге?
Дерек бойынша тіл үйренудің бірнеше кезеңі бар:
Silent Period немесе Pre-production
Педагогикада бұл түсінікті «үнсіздің уақыты» деп атайды. Бұл бір айдан жарты жылға дейін созылуы мүмкін. Бұл уақытта оқушы жаңа тіл логиасын ұға бастайды, тыңдайды,сөздік қоры 300 жаңа сөзге дейін толса да сөйлемейді. Бұл құбылыс көбіне 5 жас және одан төмен жасты балақайларда байқалады. Сондықтан, бұл уақытта сөйлей қоймаса, баланы қабілетсіз деп шешудің қажеті шамалы. Бар болғаны, оқуды жалғастырып, жан-жақтан қолдау алғаны дұрыс.
Early production
Бұл уақытта үйренушінің айтатын сөздері бір-екі сөзден тұрады: иә не жоқ, жаттанды жауаптар мен сұрақтар. Бұл уақытта сөздік қоры 500-700 сөзге жетеді.
Speech emergence
Көптен күткен, сөздердің байланысы туындайтын шақ. Бала қысқа диалогтарды, әндер мен мультфильмдерді түсне бастайды. Өзі туралы, отбасы мен достары жайында, хоббиін еркін сипаттай алады. Тақырыптар аясы тар болғанымен, өзіне деген сенімділік пайда бола бастайды.
Intermediate fluency
Тілі жаттығады, сөйлеуі еркіндей түседі. Тәжірибенің аздығынан қателер болуы мүмкін. Дегенмен, сөйлемдерді құрастыра отырып, ойын анық жеткізеді.
Advanced Fluency
Бұл деңгейде сөздік қоры 3000 сөзге дейін жетеді. Фильмдерді жүгіртпе жолсыз-ақ түсініп, кітаптар оқи алады. Сөйлеуден гөрі, жазылым дағдысы кеш қалыптасады. Сондықтан, бұл деңгейде көбірек жазылымға назар аударғаны дұрыс.
Әр нәрсенің өз уақыты бар. Бір нәтижеге қол жеткізу үшін бірнеше жылдар керек. Соның ішінде, тіл үйрену – ұзаққа созылатын үрдіс. Өйткені, бұл жерде басты нәрсе – тәжірибе.