Көп тілді білу – заман талабы. Бұл қабілет сізде неғұрлым жетілген болса, соғұрлым табысқа жету мүмкіндігіңіз жоғары болмақ. Тіпті, жұмысқа қабылдар алдында сіздің тіл білу қабілетіңіз сынға алынады. Тек жұмыс емес, саяхат пен армандарыңызды шындыққа айналдыру барысында сізге мұның пайдасы тиері анық. Дегенмен, еріншектік жеңе ме, көп адам бастаған ісін аяғына жеткізбестен орта жолдан тастап кетеді. Сол қателікке бармау үшін не істеу керек?
1. Қызығып оқыңыз
Кез-келген мұғалім тілді мақсатсыз оқу қиындық тудыратынын айтады. Сондықтан, мүмкіндігіңіз болса, болашағыңызға керек деп тапқан тілді оқуға тырысыңыз.
2. Тек керекті сөздерді ғана жаттаңыз
Әр тілде бірнеше миллиондаған сөз бар. Бірақ, қолданыста жүргені бірнеше мыңдаған сөз ғана. Күнделікті өмірде шетелдікпен сөйлесу үшін керемет сөз байлығының керегі жоқ. Сөздік қорыңызды көбейткіңіз келсе журналдар оқып, жаңалықтар қараңыз.
3. Жапсырма қағаздарды қабырғаға іліп қойыңыз
Бұл әдіс сөздік қорыңызды толықтырары анық. Бөлмеңізге назар салыңыз. Сізге белгісіз заттардың атауын жапсырма қағазына жазып, іліп қойыңыз. Жаңа сөздер есіңізде оңай сақталып, бос әуреге түсудің қажеттілігі туындамайды.
4. Жиі қайталаңыз
Жаттаған жаңа сөздерді алдымен күн сайын қайталаңыз. Кейін ол сөздерге бір апта өткен соң оралыңыз. Одан соң айына бір рет сол сөздерді ойыңызға алып, ұмытпағаныңызды тексеріп тұрыңыз. Сөздерді жаттаудың оңай жолы – сол сөздерден сөйлем құрастыру.
5. Технологиялардың көмегіне сүйеніңіз
Ұялы телефоныңызға орнатылған шағын бағдарламалардың өзі біраз нәрсені үйренуге септігін тигізеді. Ал, компьютер алдында жиі отырсаңыз, Learn English Today секілді тегін сайттар көмектесері анық.
6. Мақсатыңыз айқын болсын
Өзіңізге артық салмақ салмаңыз. Артық жұмыстың әсерінен қызығушылығыңыз жойылып кететінін ұмытпаңыз. Аздан бастаңыз: бастапқыда 50 сөз жаттап, оны өмірде қолданып көріңіз. Қажетіңізге жарағанын білген сәттен бастап, өзіңіздің оқуға деген құштарлығыңыз күрт артады.