Қытайдың Шанхай қаласында орын тепкен, қаладағы ең биік жасанды құрылыс нүктесі (теңіз деңгейінен 632 метр) «Шанхай мұнарасы» (Shanghai Tower) кешеніндегі мұнаралы кранның жұмысшысы Вей Геншенг есімді жігіт қалада ұйымдастырылған фотобайқаудың (Shanghai City Photography Competition) бас жүлдесін иеленді.
Ол өз жұмыс орнында «қызметтік лауазымын пайдалана отырып» қаланың әдемі көрінісін сәтті көздеп, аппаратына түсірген. Шыны керек, әуесқой фотографтың туындылары сапасы жағынан кәсіби мамандардан еш кем түспейді. Оған өздеріңіз де бағаларыңызды бере отырыңыз.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
Сурет: news.xin.msn.com