Сенің бақытың қанша тұрады?

Сенің бақытың қанша тұрады?

Ақшаға бақыт сатып алуға бола ма? Танымал экономист Пол Фрижтерс 2001 жылдан бері қызықты зерттеу жасап келген. Ол адамның эмоциялық көңіл-күйін ақша бірлігіне шағып көріпті.

Ол үшін 10 мыңдаған адамның өмірін басты нысанға алған және әр адамның өмірге деген қанағаттанушылығын 8 балдық межемен есептеген. Нәтижесінде зерттеу қорытындысы бағалы болып шықты.

Анықталғандай, отбасындағы ажырасу ер адамға көшеде кетіп бара жатып 61,5 мың фунт стерлингті жоғалтып алғанмен бірдей болса, ал әйел адам үшін бар-жоғы - 5 мың фунт стерлинг. 

Отбасындағы баланың туылуы ер адамға 18,2 мың фунт стерлинг, әйел адамға 4,9 мың фунт стерлинг шамасында қуаныш сыйлайды екен. 

Әйел заты үшін үйлену тойы 8,7 мың фунт стерлингті алғанмен бірдей болса, жаңа орынға қоныс аудару - 1,45 мың фунт стерлинг сыйлайтын қуанышпен тең. 

Ер адамға қоныс аудару 8,95 мыңды шығын қылғанмен шамалас.

Ең қызығы сол, зерттеу қорытындысы бәрібір бір сұрақтың басын ашып бере алмады: ақшаға бақыт сатып алуға бола ма?

сурет:bibo.kz

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига