- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Саусақтар ұшындағы көз...
Саусақтар ұшындағы көз
Адамдар тек көздерімен емес, саусақтарымен де көре алады екен.
1840 жылы итальяндық "Джарнале дель академича ди медичина" басылымы он төрт жасар қыздың керемет қабілеті туралы жаңалық ашқан-ды. Онда Вирджиния штатының тұрғыны Маргерат Фу медициналық комиссияны таң-тамаша қалдырған-ды. Бар болғаны кезекті бір есіріктен соң, бойын керемет бір күш басып, ойлау жүйесінің басқа арнаға бұрылғанын пайымдап үлгерген.
Нақтысын айтсақ, Маргарет Фу алақанымен түстерді ажырату "қабілетіне" ие болған. Ол жақсылап жабылған көздерімен Інжілдің кез келген беттерін еркін оқып, алдына қойылған жарнама парақшаларындағы түстерді дәл тауып айтқан. Алайда, сол уақытта медицина өкілдері бұны немен түсіндірерін білмей, әрі-сәрі күйде қалып еді.
Брайль қаріптерімен жазылған кітаптарды оқитын көру қабілеті жоқ адамдардың миын зерттеген ғалымдар мынадай тоқтамға келді. Яғни әріптерді саусақпен сипап оқу барысында, аталған адамдардың миының көру қабілетіне жауап беретін ми бөліктері жұмыс істейтін болып шықты.
Сурет: liveinternet.ru
Дайындаған: Фараби Бақыт
Л. Лига