- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Сарқырама туралы қызықты...
Сарқырама туралы қызықты деректер
Фото:
tannen.livejournal.com
Анхель - әлемдегі ең биік сарқырама. Ол Венесуаладағы Карони өзенінің бойында қалыптасқан. сарқырама суы 1054 метр биіктіктен төмен түседі. Ал оның таза құлауы - 953 метр.
Норвегиядағы Бьельвефосс өзенінде 866 метрден құлайтын сарқырама бар.
АҚШ-тың Калифорния штатындағы Мерсед өзенінде орналасқан Иосемите сарқырамасы 792 метрден құлайды. Жаңа Зеландиядағы Артур өзенінде 580 метр биіктіктен ағатын Сатерпенд сарқырамасы бар.
Африканың Замбези өзеніндегі Виктория сарқырамасының биіктігі небәрі 120 метр болғанымен, ені 1500 метрге дейін барады. Оның дауысы 15 шақырымға жетеді.
АҚШ пен Канада шекарасында орналасқан Ниагара сарқырамасында 50 метр биіктіктен секундына 6 мың тонна су құлайды. Ниагара суы 25 шақырымға дейін естіледі.
Ж. Өрісбай