Испандық зерттеушілер өздерінің словениялық әріптестерімен біріге отырып, саңырауқұлақтардың жаңа екі түрін ашты. Саңырауқұлақтар қазірдің өзінде Hydnum ovoideisporum және Hydnum vesterholtii деген ғылыми ат алып та үлгерді.
Олардың екеуі де басқаларынан өздерінің көбеюі жағынан ерекшеленеді. Ғалымдардың сөзінше, Hydnum ovoideisporum мен Hydnum vesterholtii саңырауқұлақтары жеуге жарамды түрлер қатарына жатады.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: zhelezyaka.com