- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Сәбіз, жұмыртқа және...
Сәбіз, жұмыртқа және кофе
Жас қыз әкесіне келіп былай дейді:
- Әке, мына қиын өмірден шаршадым, мәселе шаш етектен, бәрі менен теріс айналған сияқты, күресуге шамам жоқ... Hе істеймін?
Әкесі жауап берудің орнына үш кастрөлге су құйып, отқа қояды. Біреуіне сәбіз, екіншісіне жұмыртқа, ал үшіншісіне кофе түйіршіктерін себеді. Біраз уақыттан кейін ол судан сәбіз және жұмыртқаны шығарып, үшінші кастрөлдегі кофені шыныға құяды.
- Не өзгерді? – деп сұрайды қызынан.
- Жұмыртқа мен сәбіз пісті, ал кофе түйіршіктері суда еріп кетті, - дейді қызы.
- Жоқ, қызым, бұл заттарға үстірт қарау. Қарашы, қатты сәбіз ыстық суда қайнатылып, жұмсақ әрі иілгіш болды. Сынғыш, сұйық жұмыртқа керісінше қатайды. Сырттай олар еш өзгермеді, тек қайнаған судың әсерінен өз құрылымын өзгертті. Адамдар да солай – сыртынан мықты көрінген адамдар жағдайға байланысты жұмсақтық көрсетуі мүмкін, ал нәзік, жұмсақ адамдар тек қатайып, мықтылана түседі.
- Ал кофе ше? – деп сұрады қызы.
- О! Бұл ең қызығы! Кофе түйіршіктері жаңа ортаға толығымен сіңіп, қайнаған суды хош иісті сусынға айналдырды. Қандай жағдай болмасын, өз қасиеттерін жоғалтпай, ебдейсіз жағдайды жақсыға қарай өзгертіп, өзіне керек сабақты бойына сіңіріп алатын ерекше адамдар бар. Сондай болуға тырыс, қызым, - деп әкесі әңгімесін аяқтайды.
Сурет: vk.com
Дайындаған: Анар Мұстафина
A. Mustafina