Рейно феномені - қантамыр жүйесінің жұмысы нәтижесінде орын алатын сирек құбылыс.
Денеміздің түр-түсі тері астындағы қантамыр жүйелері арқылы реттеліп отырады. Егер әлі қантамырлар жүйесінде қиындықтар туындайтын болса, онда тері түсі өзгере бастамақ. Рейно ауруына шалдыққан адам өз қолын құдды бояғышқа сұғып алғандай әсерде болады.
Аталған үдеріс 1800 жылы жан-жақты зерттеліп, бүге-шігесіне дейін анықталыпты. Алғаш рет доктор және жазушы Морис Рейно ауруханада бір науқастың қолы аз ғана суықтың әсерінен түр-түсін өзгерте бастағанын аңғарған.
Жоғарыда айтып кеткендей, аталған аурудың туындауына қантамырлардың қысылуы себеп болады. Көбіне аяқ-қолдың ұшы зақымданып отырады. Тіпті, кей жағдайда түр-түстің өзгеру аумағы шамадан тыс үлкен болып тұратын болып шықты.
Бір жаманы, аурудың осы түрі ұзақ емдеуді қажет ететін көрінеді. Тіпті, өмір бойына...
сурет:kulturologia.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек