Ресейлік ғалым жаңбыр шақырудың жолын тапты

Ресейлік ғалым жаңбыр шақырудың жолын тапты

Өкінішке орай, жыл санап, Жер бетіндегі адам өміріне ең қажетті ресурстар көлемі азайып бара жатыр. Оның ішінде тіршілік атаулысының нәрі саналатын ауыз су да бар. Мамандардың айтуынша, болашақта адамзат үшін басты тапшылық мұнай немесе табиғи газ емес, ауыз су болмақ. Сондықтан да қазіргі таңда ауыз су мәселесі әлемдік деңгейдегі басты проблемалардың біріне айналып отыр. Осы орайда ғалымдар да мәселені шешудің өзіндік тетіктерін ұсынып жүр. Оның ішінде физика-математика ғылымдарының докторы, Ресей Ғылым Академиясы, физика институтының зертхана меңгерушісі Виктор Павлюченко да бар. Тіпті ресейлік ғалым өзі ашқан жаңалықты патенттеп те үлгерген екен.  

Циклон лежит в основе искусственного дождя 

Ғалымның жасаған әдісі бойынша, ауданы үлкен қара түстен жасалған материалды жер бетінен бірнеше метр жоғары етіп ұстап тұру қажет. Кейін материал ақырын аспанға көтеріле беруі керек. Қара материалдың күн сәулесін, яғни энергияны бойына көбірек сіңіре алатыны белгілі. Одан соң, сіңірілген энергия жылы ауа ретінде бөлініп, үлкен мөлшерде көкке көтеріледі. Материалдан бөлінген жылы ауа белгілі бір биіктікке көтерілген соң, су тамшысына айналып, жерге жаңбыр болып төгіледі екен.      

Ғалымның есебі бойынша, бұл технологияны жүзеге асыру көп қаражатты қажет етпейді. Таза судың бірден-бір қайнар көзі - жаңбыр суы десек, ғалымның еңбегі жақын арада жүзеге асып қалуы бек мүмкін. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: uznayvse.ru, nnm.ru

Б. Қосмағамбет