Редакция ұжымы сіздер үшін қалың кітаптардың ішінен топ жарып үздік шыққан шығармаларға таңдау жүргізеді. Талғамға талас жоқ, әйтсе де, таразыға тартылған туындылардың сүзгіден өтіп, көңіл пернесін дөп басқандарын ғана назарларыңызға ұсынып отырмақпыз!
Бүгінгі таңдау - қазақ әдебиетінің әйгілі суреткері, көрнекті жазушы Мұхтар Мағауиннің «Шақан-шері» романы. Романда Кеңес дәуіріне дейін өзгермей, ерекше мұрамыз ретінде сақталып келген ұлтымыздың өмір сүру салтын байырғы аңыздардың жетегімен айта отырып, адамзаттық деңгейде бір Шақан атты кейіпкер арқылы гродациялық құбылыстарды көрсетеді. Жалғыздық, адам қасіреті деген өміршең тақырыпты қаузайтын бұл романның сюжеттік желісі өте қою, баттасқан. Сіздің бұл шығармаға қызығып, көз тастауыңыздың өзі оқырман ретіндегі деңгейіңіздің жоғарылағанын білдірсе керек. Кітап қалың оқырман қауымға арналады. Оқыңыз, қапы қалмаңыз!
Баспа: "Атамұра"
Басылым жылы: 2005 ж.
Бет саны: 288 б.