- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Рақмет VS. Рахмет...
Рақмет VS. Рахмет
Бүгін 1 наурыз – алғыс айту күні. Алғыс айтуда ең көп тараған "рақмет" сөзінің дұрыс жазылуы туралы видео дайындадық.
Рақмет пе, рахмет пе? Бұл сөздің дұрыс жазылуы әлі күнге дейін даулы мәселе. Соңғы 2013 жылы шыққан «Қазақ тілі орфографиялық сөздігінде» дұрысы «РаҚмет» болып жазылған. Сөздік құрастырушылары оны былай түсіндіреді.
Шығуы: рақым + ет. Осы күйінде «рақымет» деп жазар болсақ, сөздің мағынасы өзгеріп кетеді. Қазақта «х» әрпі болмаған, ол біздің әліпбиімізге араб тілінен келген кіріккен сөздер арқылы енді. Бұл әріп белсенді қолданылмайды, қазақтар дыбысты көмейінен шығарып, «х» деп айтпаған. Айтылғанда автоматты түрде раҚмет, сұҚбат, Қан (хан) деп дыбысталған. Хан, хат сөздері қан, қат сөздерімен шатастырмау үшін, омографтардан қашу мақсатында енгізілген. Сұхбат, тілхат деген секілді сөздер латын негізіндегі қазақ әліпбиіне көшкен кезде бір жүйеге келтіріледі.
Қазақ ақын-жазушылары да «рақмет» сөзін «қ» әрпімен жазған. Үзінді:
1. М.Жұмабаев: «Жасаған кең рақметтің кілтін ашар».
2. Б.Момышұлы: «Қабақ шытып, көңіліме тиген жоқсыз. Мұныңызға мың да бір рақмет, ата!»
3. М.Мақатаев: «Ойлы жас, түсініпсің, рақмет! Рақмет!».
@. @assel_assanova