Қартаймайтын қарттар бар. Таңқалмасқа болмайды. Олар бір бөлек, отызында отырса опақ, тұрса сопақ болып жүрген жандар бір бөлек қалады. Сөйтсек, қартаймаудың өзіндік себептері бар екен. Алыс жұрттан болса да, ауыз толтырып айтуға болатын тақырыптардың бірі болған қарттық жайлы, қарттықты баяулатудың жолдары туралы кеңестерді ұсына кеткіміз келеді. Британ зерттеушілерінің сынағынан соң дүниеге келген сын талқы...
Барлығымыз қартаямыз. Сіз бұл туралы ойлайсыз ба, ойламайсыз ба, қарттық есікті соқпастан кіріп кетеді!
Көпшілік бұл турасында тіптен бас қатырмайды - өз еріктері. Бірақ егер қартаюды баяулатудың қарапайым әдістері болса ше? Ермеу ақымақтық, әрине, келісіңіз? Сізге кедергі болуы мүмкін бір-ақ нәрсе бар – еріншектік.
Әңгімеміздің түп төркіні ғұмыр жасымызды ұзартудың ғажап әдіс-тәсілдері турасында болмайтынын ұққан боларсыз. Қазіргі уақытта биологиялық сын тезінде адам өмірі 90-100 жасты құрайды. Қаншасын сүруді өзіңізге қалдырамыз. Британдық зерттеушілердің статистикасы не дейді екен?..
Өмірді ұзартуға көлденең тұратын жағдаяттар:
Көлік жүретін кең тас жолының қасында өмір сүру - 2,5 жыл.
Үнемі шылым тартып тұру - 10 жыл.
Ұзаққа созылған ішкілік - 10 жыл.
Білімнің жоқтығы - 9,3 жыл.
Семіру- 9 жыл.
Артық салмақ (семірусіз) - 3 жыл.
Ауыр стресс (жақын адамнан айырылу) - 1 жыл.
* * *
Өмірді ұзартатын жағдаяттар:
Сәтті неке құру + 5 жыл.
Үй жануарының болуы + 4жыл.
Толыққанды ұйқы + 5 жыл.
Сезім ынтықтығы + 7 жыл.
Жоғары таулы өлкеде өмір сүру + 12 жыл.
Дүниеге сеніммен қарау + 7,5 жыл.
Келтірілген сандарға тіреліп қалудың қажеті жоқ. Мәні орташаландырылған. Бірақ шылым шегетін жанның ұзақ өмір сүруге көп мүмкіндігі жоқтығы онсыз да белгілі ғой...
Қартаю процесімен бірге ағзада қартайған ағзаның өміршеңдігін сақтап қалуға бағытталған антистарения процесі жүріп жатады. Механизмнің өзін-өзін реттеуі мығым тұста, қарттық екі мысалда келуі мүмкін –физиологиялық (табиғи) немесе патологиялық (шапшаңдықпен).
Физиологиялық (табиғи) қартаю белсенді өмір сүрудің алғышарты болып табылса, шапшаң қартаю сол уақытта патологиялық жағдайға, аурулардың дамуына жол ашады.
Көп жағдайда адамның қартаюы шапшаң (мерзімнен бұрын) түрге жатады. Бұл дегеніміз, адам өз жасының қарттық өлшемінен асып кетеді деген сөз. Мерзімнен тыс қартаюдың характерлік белгісі физиологиялық қартаюдан (ағзаның бейімделу мүмкіндігінің шектелуі) едәуір ауыр-азапты келеді. Шапшаң қартаю барысында ағзаның өзгерісінде әркелкілік байқалады...
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
сурет: voxpopuli.kz