Өз бетіңше білім алудың оңтайлы жолдары: білім сервистері

ҰБТ да бітті, енді ЖОО-ға түсу уақыты келіп жетті. Әлемнің ең үздік университеттерінде білім алғысы келетін, бірақ қаржылай қиындықтары бар мектеп түлектеріне біз Стэнфорд, Эдинбург, Гонконг  және басқа да ірі ЖОО оқытушыларының дәрістерін тегін көріп-тыңдауға болатын сайттарды ұсынамыз.

coursera.org

Қазіргі таңда, бұл әлемдегі ең ірі білім жобасы саналады. Coursersa-дан әлемнің 83 университетінде сабақ беретін оқытушылардың 395 курсын табуға болады. Курстарға видеодәрістер, конспекттер, үй жұмыстары, тесттер, қорытынды емтихандар және тіпті курсты тәмамдағаны жайлы сертификаттар қамтылған (тек осы ғана ақылы). Бәрі нағыз жоғары оқу орнындағыдай: курстарға кіру уақытпен шектелген, әрбір үй жұмысы немесе тест белгілі бір уақытқа дейін орындалуы тиіс.

Қажетті курсты мынадай тақырыптар бойынша таңдауға болады:

бизнес, ақпараттық технология, экономика, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар, математика, медицина, жаратылыстану және т.б.;

Университеттер бойынша:

Стэнфорд, Принстон, Йель, Колумбиялық университет, Торонто университеті, Мельбурн университеті, Эдинбург университеті, Гонконг университеті, Женева университеті және басқалар.;

Оқытылу тілі бойынша:

ағылшын, француз, испан, итальян, қытай, Сонымен қатар бірнеше тілде субтитрлар бар, соның ішінде орыс тілі де.

Coursera жобасын өткен жылы Стэнфорд университетінің профессорлары Эндрю Нг мен Дафна Келлер ашқан болатын және Time версиясы бойынша «Ең үздік білім сайты» ретінде танылып үлгерді.

academicearth.org

Academic Earth сайты Coursera-дан үш жыл бұрын 2009 жылы ашылды: осындай сервисті ашу идеясы Ричард Ладлоуға тиесілі. Аталған сайтта да университеттерге көп таңдау берілген. Нақтырақ айтар болсақ, әлемнің ер елінің 49 оқу орны бар. Алайда бұл сайтта білім алу анағұрлым жеңіл жүйеде құрылған: қолданушы кез келген уақытта қалаған дәрісін көре алады. Бірақ кемшілігі – оқытушымен тілдесу және қолданушы орындаған жұмыстарды тексеру жоқ.

Сайтта түрлі тақырыптар ұсынылған:

экономика, кәсіпкерлік, ағылшын әдебиеті, философия, тарих, құқық, саясаттану, психология, теология, математика, информатика, физика, химия, медицина, инженерлік іс.

edx.org

edX жүйесі Coursera-нікіндей. Сайтта 28 университет қолданушы таңдауына берілген (оның ішінде Лозанна, Киото, Бомбей, Бейжің университеттері бар) және мынадай тақырыптар бойынша 66 курс бар:

құқық, тарих, ғылым, техника, бизнес, социология, информатика, денсаулық сақтау, жасанды интеллект.

Сайтта көбіне Массачусетс технология институты мен Гарвард университетінің дәрістері берілген, себебі, аталған сервистің негізін салушылары осы екі университеттен шыққан.

openculture.com

Бұл сайтта гуманитарлық ғылымдар бойынша 725 курс бар. Атап айтсақ:

Өнер тарихы, дизайн, кино, тарих, лингвистика, әдебиет, музыка, философия, дінтану, саясаттану

***

Қосымша! Егер алдыңғы сервистерде өз арманыңды жүзеге асырып, Гарвард немесе Стэнфорд секілді университеттердің студенті атансаң (виртуалды түрде болса да), мына үш сайтқа университеттік бағдарлама мен курстардан тыс білімді алу үшін кірген жөн. Мұнда видеолар айтарлықтай қысқа, бірақ анағұрлым жинақы және біршама тереңдетілген.

udacity.com

Udacity – ақпараттық технологияларға қызығатындарға арналған. Қазір сайт каталогынан 25 курсты табуға болады және олардың 17-сі информатикаға бағытталған:

Java-да бағдарламалау, алгоритмдер, HTML 5, бағдарламалау тілдері, 3D интерактивті графикасы, қолданбалы криптографика

Ал егер компьютерлер мен бағдарламалардан демалғыңыз келсе, қолданушыға «Стартап қалай жасауға болады?», «Психологияға кіріспе» секілді курстар да ұсынылған. Айта кетсек, бүгінге дейін Udacity-де оң мыңдаған адам білім алды.

khanacademy.org

Ұсынылған сайттардың арасында ең ескісі: оны 2006 жылы әлемдегі әрбір адамның сапалы білімді тегін алуын армандайтын MIT және Гарвард түлегі Салман Хан ашқан. Қазір осы сервисте түрлі тақырыптар бойынша шамамен 4000 жуық микродәрістер бар:

математика, тарих, денсаулық сақтау және медицина, қаржы, физика, химия, биология, астрономия, экономика, өнер тарихы, компьютер ғылымдары.

Видеолардың көп бөлігі ағылшын тілінде, алайда Google, «Билл және Мелинда Гейтс қоры», секілді компаниялардық жәрдемі арқасында KhanAcademy-де курстарды басқа тілге аудару мүмкіндігі туды. Мәселен, орыс тілді парақшадан математикалық ғылымдар бойынша толық курстарды табуға болады.

ted.com

TED – бұл соңғы уақытта өте танымал бола бастаған видео арқылы білім алудың өте ерекше форматы. Бұл жалықтырарлық дәрістер емес, керісінше өз саласында айтарлықтай жетістікке жеткен адамдардың шағын да жанды (18 минуттан аспайды) сөз сөйлеуі: Билл Клинтон, Джейн Гудолл, Малкольм Гладуэлл, Альберт Гор, Гордон Браун, Ричард Докинз, Билл Гейтс, Ларри Пейдж, Сергей Брин, Нобель сыйлығының лауреаттары және тағы басқа көптеген тұлғалар дәріс оқиды. TED-тің алғашқы конференциясы 1984 жылы өткен, ал 1990 жылдан бастап, жыл сайын өткізіліп тұрады. 2013 жылға дейін Technology, Entertainment, Design ұраны өзіне миллиондаған адамды қаратып үлгерді. 2006 жылдың маусым айынан бастап, спикерлердің сөз сөйлеуін онлайн нұсқада көруге болады – сол уақыттан бері олардың 1500 данасы жиналған.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: uchinovoe.ru, bubujna.ru