Өз бағаңды арттыруда ғылыми дәлелденген алты мақсат!

Өз бағаңды арттыруда ғылыми дәлелденген алты мақсат!

Адам баласының өзіне деген сенімділігі қалай артады, қайткен жағдайда бағасы жоғарылайды? Осы турасында зерттеуден зерттеу жасап келе жатқан ғылым әлемі бүгін назарларыңызға алты мақсатты ұсынып отыр:

 Facebook бетіне бірнеше минут көңіл бөліңіз 

Facebook желісінде отыру студенттің түйсік-сезіміне жақсы әсер етпек. Жақында ғана Корнелль университетінің ғалымдары компьютерлік зертханаға 63 студентті кіргізген. Олардың жартысының компьютерін өшіріп, ал жартысына Facebook-те отыруға, соңғы жаңалықтарды жариялауға ерік берген.  

Артынша жүргізілген сауалнама барысында студенттердің өз-өздерін қалай сыйлайтындығы тексерілген. Сөйтсе интернетсіз отырған студенттерге қарағанда Facebook-ті қолданған қатарластарының өз-өздерін бағалау турасындағы таным-түйсіктері жоғары болып шықты...

Жаттығу залына барыңыз

Канадалық ғалымдар артық салмақтағы адамдардың физикалық жаттығулармен айналысқан күннен бастап жағдайлары жақсарып, психологиялық көңіл-күйлері тәп-тәуір өзгеретінін анықтады. 

Олар 30-ға жуық жасөспірімді сынаққа алған. Және оларды екі топқа бөліп, бір тобына велотренажёрда айналысуды бұйырса, ендігі бір тобына компьютерлік ойындарды ойнауды тапсырған. 

Артынан білім деңгейлері мен физикалық әлеуеттерін, қоғамдағы өз орындары туралы не ойлайтындықтарын бір ақ параққа жазып берулерін өтінген. Анықталғандай, ойын ойнаған топқа қарағанда физикалық жаттығу жасаған жастардың өздеріне деген сенімділігі әлдейқайда жоғары болып шықты. 

Өзіңізге сандық аватар жасап алыңыз

Сандық аватардың әсері оң болмақ. Бұл туралы Миссури университенің ғалымдары анықтап берді.

Олар «Second Life» ойынын ойнайтын 279 адамнан сауалнама алған. Анықталғандай, олар өз аватарларымен қоян-қолтық араласқан сайын салауатты өмір салтын дұрыс ұстап, жақсы көңіл-күйде жүретін болды. 

Шын мәнінде де аватарлар өз бағаңды арттыруда және мінезді түзеуде белгілі бір мөлшерде сенімділік сыйлайды. Бұл дегеніміз, виртуальдық "менге" ұқсау үшін қолдан келгеннің бәрін жасау дегенмен бірдей.

Уақытыңыздың көп бөлігін әкеңізбен өткізіңіз

Пенсильвания университетінің зерттеушілері үлкен сенім иелеріне кезінде әкелері көп уақыт бөлген деген тұжырымға келді.

Ол үшін тұрмыс-салттары ұқсайтын, екі балалы 200-ге жуық отбасылардан сауалнама алған. Анықталғандай, көп уақытын әке алдында өткізген балалардың болашаққа деген көзқарас-пайымдары ерте қалыптасқан...

Анамен өткізген уақыттың бала үшін де көп оң әсері болмақ. Бірақ, әкеге қарағанда...

Пианино ойнап үйренуге кірісіңіз

Техас университетінің зерттеушілері адамды өзін-өзі сыйлауға үйрететін музыканың құдіретін анықтай алды. 

Монреаль қаласының 117 бастауыш сынып оқушысын үш жыл бойы қатарынан пианино сабағына берген. Олардың ішінде 54 оқушыға мүлдем үйретілмеген.

Анықталғандай, үш жыл ішінде біраз дүниені игеріп шыққан балалар мінез жағынан да, тәртіп-қылық жағынан да оқ бойы дараланған. Бір ауыздан зерттеу қорытындысы музыканың адамның өз бағасын көтеруде игі ықпалы барын қорытындылап берді.

Өзіңізге таңсық ғылымға бой ұрыңыз

Шет тілін меңгеру мен математика ғылымын игеру секілді... Ұлыбританияның министірлігі зерттеу жүргізген. 

Сонымен қатар, үлкен жаста ғылымға ден қойып, арнаулы дәрістерді алған адамдардың денсаулығы мықты, депрессияға аз шалдыққан боп шықты. 

сурет:butovo-vpr.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига