Əдеби тілдің ауызша жəне жазбаша түрі мен нормалары əсіресе соңғы жылдары ауызша сөздің нормалары мен жазба сөздің нормаларын шатастыру, дыбысталған сөз бен жазба сөздің ара жігін ажырата алмай, əдеби тіл нормасын бұзу теле-радиодан естілер сөзде жиілеп кетті.
Кейде бұл тұста мектеп бағдарламасындағы ережені еске түсіруге мəжбүр боламыз. Көп ретте сөздің жазылу нормасы мен айтылу нормасы сəйкес келе бермейді, салыстырыңыз: жазылуда ақ отау, айтылуда [ағотау]; жазылуда шекара, айтылуда [шегара]; жазылуда қонақасы, айтылуда [конағасы]; жазылуда дөңбек, айтылуда [дөңбөк]; жазылуда көзсіз, айтылуда [көссүз].
Ауызша сөздің интонациялық ерекшеліктерін, кідіріс, сөз ырғағы мен бунақтарын сақтап, оларды орын-орнына қойып айту орфоэпиялық норманың негізгі шарттарының бірі болып табылады. Құрылымына, əуездік құрылымына қатысты мұндай шарттылық бұзылса, айтылған сөзді дұрыс ұғыну мүмкін болмай қалады. Айтылар ойдың айқын‚ түсінікті‚ көңілге қонымды құлаққа жағымды болуы көбіне бунақ екпінінің дұрыс қойылуына тікелей байланысты болса‚ екінші жағынан олардың (ырғақ‚ екпін) өзі айтылар ойға‚ мағынаға тəуелді екенін ескеру қажет.
Мəселен‚ сөз құрамы бірдей мына тіркестерді екі түрлі ырғақпен (екпінмен) айтып‚ екі түрлі түсінуге болады: қазағжерін сағынды – қазақ жерінсағынад, қонағүйгө кірді – қонақ үйгөгірді, ташшолға төселді – тас жолғатөселді, үйгүшіктің мекені – үй күшүктүңмекені, ағашүйдө ғой – ағаш үйдөғой, теміртəртіпті сақтады – Темір тəртіптісақтады жəне т.б.
Мұндай тіркестерді кідіріссіз айтсаңыз бір мағына, кідіріспен айтсаңыз басқаша мəнге ие болады. Кідіріспен кідірістің арасы бунақ, яғни ырғақтық топ болады. Кідіріс дұрыс қойылмаған жағдайда сөздердің байланыс реті бұзылады да‚ тіл табиғи жарасымынан айырылады‚ құлаққа оғаш естіледі‚ əрбірден соң айтылған пікір көмескіленіп‚ кейде түсінікке ауыр болып кетеді. Мəселен‚ бір бунаққа енетін мынадай тіркестердің басқы сөзін бөліп айтып көрейік: ташшүрөгеді – тас жүрөгеді, таскененігөрді– тас кененігөрдү, тауешкігежолұқтұ – тау ешкігежолұқтұ, баспармақсызғалды – бас бармақсызғалды, жаңғалтағасалды – жан қалтағасалды, ағашқасықтыұстады – ағаш қасықтыұстады.