- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Оңтүстік Америкадан сүтқоректінің...
Оңтүстік Америкадан сүтқоректінің жаңа түрі табылды
Оңтүстік Америкада ғалымдар осы күнде дейін ғылымға белгісіз болып келген сүтқоректі түрін тапты. Олинго аталатын туысқа жататын жануар Оңтүстік жартышардағы 35 жылдан бері табылып отырған тұңғыш сүтқоректі жыртқыш саналып отыр, деп хабарлайды Nature.
Зерттеушілер жаңа түрді Bassaricyon neblina деп атады. Олинго – енот жанұясына жататын сүтқоректілердің туысы болып табылады. Бұл жануар түрі жағынан кәдімгі үй мысығына да, жұмсақ ойыншыққа да ұқсайды. Ғалымдар түнде ғана «тірілетін» бұл жыртқышты тұңғыш рет 2006 жылы көрген екен. Алайда оны тек жақында ғана таспаға түсірудің сәті түскен. Орман ішін кезіп жүрген олар ұзындығы 35 сантиметр болатын жануарды ағаштан ағашқа секіріп, ерекше дыбыс шығаруы арқасында тауып алған көрінеді.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: nature
Б. Қосмағамбет