- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Өміріңізді біліммен ұзартыңыз...
Өміріңізді біліммен ұзартыңыз
Сіз ұзақ өмір сүргіңіз келе ме? Ендеше жоғары оқу орнына түсіңіз. Tengrinews.kz сайтының мәлімдеуінше жоғары білімі жоқ адамдар құрбы-құрдастарына қарағанда бірнеше жыл кем өмір сүреді екен. Олардың көбі денсаулық мәселесіне келгенде арнайы білімдерінің жоқтығынан зардап шегіп жатады-мыс.
Бұл мәселе әсіресе әріп танымайтын егде адамдарға қатысты екен. Мысалы, олар дәрі-дәрмек қорапшаларында жазылған нұсқауларды оқи алмайды. Сондай-ақ олар созылмалы аурулар жайлы хабарсыз саналып, аурудың алдын алу шараларымен сирек айналысатындарын да айтады. Жасалған зерттеу нәтижелеріне назар аударатын болсақ, мұндай адамдарда физикалық жағдайларының бұзылуларымен қатар психикалық ауытқулар байқалған. Ескере кететін жайт, бұл адам жасына, әлеуметтік және материалдық жағдайына байланысты емес.
Лондон университет колледжінің ғалымдары әрбір үшінші егде адамның денсаулық мәселесінде жеткілікті сауаттылығының жоқ екендігін анықтады. Зерттеу нәтижелері аталған сауаттылықтың жоқтығынан бірнеше жыл кем өмір сүру ықтималдылығын арттыратынын көрсеткен.
Сарапшылардың айтуынша, белгілі себептермен университетті аяқтай алмай қалған адамдарда жүрек-тамыр ауруларының пайда болу қаупі 4 пайызға артады екен. Және ғалымдар жоғары білім алудан тек әлеуметтік, экономикалық пайда ғана емес сонымен бірге денсаулық жағдайын да жақсартуға болатынын ескертеді.
Сурет: tengrinews.kz
Ж. FM