Өмірде ұқсастық бола ма?

Адам өмірінде болып жататын ұқсастықтар мен сәйкестіктерге сіздің де сенбейтініңіз анық. Бірақ, төмендегі деректерге көз жүгірте кетсеңіз, бәрі олай емес секілді...

1969 жылы Нейл Армстронг Айдың бетіне қонған сәтте "Айдан сәлем, жерлестер!" деп егіліп жылаған көрінеді. Әрине, несі бар... Шын мәнінде, Нейл Армстронг ең бірінші кезекте көршісіне сәлем жолдаған екен: "Сәттілік тілеймін, Горски мырза!". Бұлай деп айтуына Горскилердің отбасындағы кикілжіңдер, одан қала берді түні бойғы дау-шарғылар, ең бастысы, Горски ханымның "Көр де тұр, көршінің анау баласы Айға қонар әлі-ақ...!" деген сөздері себеп болыпты. Одан кейінгі кезекте Жерге сәлем жолдап та үлгерген шығар...

1848 жыл. Айға ұшқысы келген тағы да бір Никифора Никитина есімді азамат аспан туралы, ғарыш кеңістігі туралы жазылған жүрек жарды сөздерін ел жетпес қиянның бірі Байқоңырға почтамен жолдап жіберіпті. Жолдағанында тұрған ештеме жоқ, бірақ, ең алғашқы зымыранның Байқоңырдан ұшатынын қайдан білген, шынында да...

Ұқсастық пен сәйкестіктіктің теледидарға да бір қатысы бар болып шықты. Мәселен, 1990 жылдары Лондонда тұратын ағылшын отбасы теледидардан "Титаник" киносын көріп отырған. Иә, сол кеменің айсбергпен соғысатын сәті есіңізде болар?! Міне дәл сол уақытта, кеме суға батып жатқан сәтте үй төбесіне алып метеорит келіп түскен. Әрине, өте сирек құбылыс екені сөзсіз?!

Бірақ, мұндай оқиғалар бір емес, бірнеше рет орын алған. Бұл жолы ағылшын отбасы емес, Шотландия елінің төсінде қайталаныпты. "Жер бетін 80 күнде айналып шығу" («Вокруг света за 80 дней») киносын көріп біткен сәтте кинотеатрлардың бірінің төбесіне адамдары бар алып шар түскен. Мүмкін, олар да кино көргісі келген шығар...

Айта берсек мұндай оқиғалар тіптен көп екен. Бір ғана Уэлсь жағалауы қанша кемені суға батырып, жалмап тыныпты. Мұндағы ұқсастық жылдардың дөп келуінде емес. Тіптен, бөлек! "Атақты" жағалауда қатарынан үш рет кеме батып, онда әр жолы бір ғана адам тірі қалып отырған. Ең қызығы сол, сол әр жолғы адамдардың аты-жөндері Хью Уильямс болып келген. Неткен ұқсастық десеңізші?!

сурет:otvetin.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек