Француз қызы Жанна Кальман әлемдегі ең үзақ өмір сүрген жан иесі ретінде тарихта қалды. 1875 жылы 21 ақпанда дүниеге келіп, 1997 жылы 4 тамызда көз жұмған. Жанна екі бірдей дүниежүзілік соғысты, адам баласы Айға ұшқан күнді, интернеттің ең алғаш пайда болып, дами бастаған кезін өз көзімен көре алды. Және тұп-тура 122 жыл мен 164 күнді артқа тастап барып, тіршілікпен қоштасты.
Бұның бәрін неге айтып отыр екен деп ойлаған боларсыз. Қысқасы, бүгін біз сіздерге жануарлар әлемі туралы айтқымыз келеді. Сіз білесіз бе, 122 жас деген кейбір жануарлардың орта жас өмірі ғана екен...
1. "Arctica islandica" түріндегі қос жармалы ұлу - 507 жас.
"Arctica islandica" - "Arcticidae" тұқамдасына жататын қос жармалы ұлулардың қысқаша атауы. Солтүстік Атлантта өмір сүреді және қорек ретінде жиі ауланады. Су астында 7 метрден бастап 400 метр тереңдікте өмір сүреді. Ең төмені 375 жылдан бастап 507 жыл аралығында тіршілік құрады.
2. Гренландиялық кит, 122 жас
Гренландиялық кит - қара түстегі арқалық жүзбеқанатсыз жаратылған ұзындығы 20 метрге жетіп артылатын жануар. Теңіз сүтқоректісінің салмағы 75 тоннадан бастап 100 тоннаға дейінгі аралықта болады (көк түсті киттен салмағы сәл-пәл төмен). Арктикалық және субарктикалық суда ғана өмір сүруге бейімделген.
Қазіргі таңда жойылып кетудің аз-ақ алдында тұрған жануарлардың қатарында. Статистикалық мәліметтерге көз жүгірте кетсек, 177 жастан 245 жасқа дейінгі аралықта тіршілік кешеді.
3. Алып тасбақа - 256 жас
Адвайта (санскрит тілінен аударғанда "жалғыз", "біреу ғана" деген сөз) - Үндістандағы Калькутта зоопаркінде өмір сүретін 250 келі салмақтағы алып тасбақа. Әлемнің ең кәрі жануарларының қатарында. Тарихи деректерге көз жүгіртетін болсақ, "Ост-Үнді" компаниясының генералы Робер Клайванның асыранды жануарларының бірі болған. Бірнеше жыл бақшада өмір сүріп, кейіндеу Калькуттаның зоопаркіне берілген. 2006 жылдың 23 наурызында көз жұмған.
4. «Ханако» тұқысы (тұщы суда болатын бүрге балық) - 226 жас.
«Ханако» тұқысы - қолға үйретілген тұқының ең әдемі түрлерінің біріне жататын және тоғанда арнайы өсірілетін балық. Түр-түстері бояулары мен өрнектеріне қаратып, ажыратылады. Ең көп тараған түстері - ақ, қара, қызы, сары, көк. Өмір жасы қабыршақтарына қарай белгіленеді.
Осы әдіс арқылы "Ханако" әлемдегі ең кәрі тұқы болып, 1977 жылы 7 маусымда 226 жасында өлді.
Гуидак - "Hiatellidae" тұқымдасына жататын ұлулардың жеуге жарамды түрі. Атауы үнді сөзіне байлнысты шыққан ("тереңде шомыл" деген мағына). Солтүстік Американың батыс жағалауында кездеседі (Вашингтон штатында).
Әлемдегі ең ұзақ өмір сүретін жануарлардың бірі, бірегейі. Қазіргі таңда күнкөріс есебінде жиі ауланады. Қымбатқа сатылады. Ең кәрі гуидактың жасы - 168 жас.
6. Бекіре – 125 жас.
Сүйекті бекіре балық тұқымдасына жататын ең ежелгі түр. Субтропикалық, субарктикалық белдеулерде, Еуразия мен Солтүстік Америкада, өзендер мен көлдерде тіршілік құрады.
Орта есеппен алғанда ұзындықтары 2-3 метрге жетеді. Кейде ұзындықтары 5,5 метрге дейінгі аралықта болады.
Осы жылдың сәуір айында Висконсин штатында салмағы 108 келі болатын 125 жастағы бекіре балығы ауға түсті.
7. Атланттық қазанбас - 149 жас.
"Trachichthyidae" тұқымдасына жататын ірі балықтар тобы. Тынық мұхиты мен Атланттың шығыс жағалауында, Чилиге жақын бөліктерде өмір сүреді. Негізгі түсі - қанық қызыл. Есесіне, сары түс пен сарғыш түске айналып шыға алатын қасиеті бар. Осы түр өкілдері 149 жас өмір сүреді.
8. Еуропалық інжу ұлуы - 210-250 жас.
Еуропалық інжу ұлуы - "Margaritiferidae" тұқымдасына жататын тұщы суде өмір сүретін інжу мақұлықтарының сирек түрі. Жоғары сападағы інжуді өндіретіндіктен адамдар жиі аулайды.
Жақында орыс ғалымы Валерий Зюганов інжудің осы түріне қатысты үлкен жаңалық ашты. Ол аталған інжу ұлуларында қарттық дегеннің болмайтынын, 210-250 жас өмір сүретінін анықтай алды.
9. Қызыл теңіз кірпісі - 200 жас.
Негізгі түсі қызы болғанмен, басқа түстерге ауысып, құбыла береді. Тынық мұхитында Аляскадан бастап, Калифорнияның төменгі бөлігіне дейін тіршілік құрады. Таяз суларда, жартастардың жағалауларында жиі кездеседі. Домалақ денесі ұзындығы 8 сантиметрге жететін ұзын тікендермен қапталған. Қабыршақ ішінде өсіп-жетіледі.
Канададан жасы 200 жастан асып кеткен қызыл кірпі табылды.
10. "Lamellibrachia luymesi" – 170 жас.
"Lamellibrachia luymesi" – "Siboglinidae" тұқымдасына жататын құрттардың мұржалы түрі. Тереңде өмір сүреді (негізінен Мексика шығанағында 500 бен 800 метр тереңдікте). Ұзындықтары 3 метрге жетеді және жылдам өседі. Өмір сүру ұзақтықтары - 170 жас.
суреттер:bigpicture.ru; zoopicture.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек